Онлайн газет



Батыр ерлігіне құрмет көрсетілді

Ел тарихындағы батырларымыздың есімдерін ұлықтап, қасиет тұту- бүгінгі ұрпақтың парызы. Қазақ халқының елдігі мен ерлігін, қайсар мінезін сөз еткенде, ұлтымыздың ұлы перзенттерінің бірі, Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың есіміне тоқталмай өту мүмкін емес.
1920 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Қарасу ауылында дүниеге келген Ақәділ Суханбаев 1941 жылы Қызыл әскер қатарына алынады. Ол 174-і Қызыл Тулы Борисовск атқыштар дивизиясының 328-і Гродненск Қызыл  Тулы полкінің 1-ші батальоны құрамында болды. Сұрапыл соғыста Белоруссияны, Польшаны, Литваны азат ету үшін болған шайқастарда Ақәділ Суханбаев өшпес ерліктің үлгісін көрсетті. «Стжельцовизна» деп аталатын поляк деревнясы үшін болған жойқын ұрыста Александр Матросовтың өшпес ерлігін қайталап, пулеметтен оқ шашқан дзоттың амбразурасын өз денесімен жапты.
Көзсіз ерлігі үшін Ақәділ Суханбаевқа 1945 жылы наурыздың 28-інде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Кеше, Тараз қаласында  Кеңестер Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың ерлігіне құрмет көрсетілді.
Алдымен батырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылған соң,  бір минут үнсіздік жарияланды.
Одан соң  жиналғандар алдында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ш.Тілеумұрат даңқты батырдың өшпес ерлігіне тоқталса, белгілі қайраткер, жазушы- публицист, драматург, «Парасат» орденінің  иегері, Жамбыл облысының, Байзақ ауданының «Құрметті азаматы» Арғынбай Бекбосын Отан сөзінің құдіретін,  туған ел мен жерді қорғаудың маңызын, Ақәділдей батырдың ерлігі ұрпаққа ұран екендігін, батыр ескерткішінің алқызыл лентасын 2005 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қиғандығын, елі ұлықтаған батырдың ерлігі мәңгі жасай беретіндігін айтты.  Ердің туған жері-Байзақ ауданынан келген бір топ азаматтар атынан сөз алған ауданның Құрметті азаматы Рәш Шәметов   Ақәділдің ерлігін еліміз ғана емес Ресейде, Белоруссияда, Литвада ерекше қадір тұтатындығын ауызға алды.  «Шығыс шынары»  халықаралық мүшәйрасының жеңімпазы, қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі Нұржан Қадірәлі  батырға  арнаған арнауын  оқыды.
Байзақ ауданы әкімі, аудандық мәслихат аппараты атынан батыр  ерлігіне деген құрмет-гүл шоғын аудан әкімінің орынбасары С. Кенжебаев және  ауданымыздың қазыналы қариясы Р.Шәметов қойды.

*        *        *               
Дәл осы күні батырдың туған өлкесі- Байзақ ауданының орталығы Сарыкемердегі батыр атындағы саябақта да жиын өткерілді.
Ерлікті ұлықтаған жиынды аудан әкімі М. Шүкеев  ашып,  хас батырдың  өміржолы мен ерлігіне тоқталды. Ел басына күн туған шақта еліне қорған болған батырлардың ерліктері  жастарды  отансүйгіштікке, елі мен жерін  қадірлеуге жетелейтіндігін жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Беспаев   өз сөзінде  1914 жылғы соғыста 10 млн. Ұлы Отан соғысында 50 млн.   адам құрбан болғандығын айта келе,  биыл Ақәділ  жасаған ерлікке 72 жыл толып отырғанын, ерлік ешуақытта ұмытылмайтындығын,  ел тәуелсіздігі мен азаттығы үшін өмірлерін қиған асылдар есімдерін  тарих бетіне алтын әріппен жазғандығын жеткізді.
Жиналғандар даңқты батырды бір минут үнсіздікпен еске алды.  “Байзақ баба” мешітінің наиб имамы  А.Кадирбаев  әруаққа бағыштап, құран оқыды.
Жиын соңында аудан әкімі М.Шүкеев,  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  К.Беспаев, мәслихат хатшысы Н.Тлепов бастаған топ  батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлігіне тағзым етті.
Ерлік жасау-адам баласы өміріндегі ұлы қасиет. Өмірінің өлшеуі бір бөлігін, албырт жастық шағының үлесін оқ пен оттың астында өткізіп, ерлікпен қаза болған, Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың ерлігі мен есімі  мәңгі жасай береді. Өз тілшіміз.

Обновлено 03.08.2016 17:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін745
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада745
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40935
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248321

Серіктестер