Онлайн газет



Басты назарда-Құрылыс сапасы

«Нұр Отан» партиясы Байзақ  аудандық филиалының Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды, сондай –ақ «Жұмыспен қамту -2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді игеруге қоғамдық және жедел мониторингтеу жүргізу мақсатында «Білім» бағыты бойынша партиялық мониторингтеу және бақылау тобы

құрылған болатын.
Аталмыш топ мүшелері жуырда күрделі жөндеуден өтіп жатқан Үлгілі ауылындағы Үлгілі орта мектебі мен орталықтағы Н.Киікбаев, Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектептерінің құрылысымен танысып қайтты. 
Топ жетекшісі Р.Сапарбеков, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Байтақовалар аталмыш нысандардың жобалық құжаттамасымен танысып, оны іске асыру барысы жайында бас мердігерлермен сұхбат жүргізді.
Нысандарды аралау барысында ішкі, сыртқы әрлеу шаралары, едені мен есік-терезесі, су, электр жүйесі және өрт қауіпсіздігі жұмыстары зерделеніп, талдау жасалды.
Әсіресе, мұнда құрылыс жұмыстарының сапалы атқарылуына айрықша көңіл бөлінді. Сондай-ақ, жұмысшыларға еңбекақы төлеудің заңдылығы түсіндіріліп, мердігер компания басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді. Құрылысты діттеген уақытта аяқтаудың маңыздылығы айтылды.
* * *
Сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясы Байзақ аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен бой көтеріп жатқан Түймекент ауылдық округіндегі 300 орындық мектеп құрылысымен де танысқан болатын. Үстіміздегі жылдың 30 шілдесінде пайдалануға берілетін нысан құрылысы аяқталуға тәмәм. Комиссия мүшелері жұмыстың сапасына баса назар аударды.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 03.08.2016 17:04
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін782
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада782
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40972
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248358

Серіктестер