Онлайн газет



Ашық сот-уақыт талабы

Д. Тасыбаев,
Байзақ аудандық  сотының төрағасы.     

Бүгінгі таңда әлемдегі кез келген мемлекеттің өсіп-өркендеуі мен табысқа жетуі ең алдымен мемлекеттік органдардың тиімді және сапалы жұмыс істеуімен тығыз байланысты. Осы орайда Қазақстанда сот жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылып отыр. Өйткені әділ және ашық сот қазіргі кезде еліміздегі заңдылық сатысы деңгейінің, қоғамымыздағы демократиялық үдерістердің дамуының басты көрсеткіші болып табылады.
Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуде сот залдарын аудио және бейнежазу қондырғыларымен жабдықтаудың рөлі зор. Бұл туралы Ұлт жоспарындағы 20-шы қадамда: «Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейнежазуды тоқтатуға немесе аудиожазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» деп нақты көрсетілді.
Қазіргі кезде Байзақ ауданы сотының сот залдары толық жаңа жазу қондырғыларымен жабдықталды. Яғни сот процестерін бейне және аудиожазбаға түсіруге толық мүмкіндік бар. Бұл жүйенің тиімді жұмысының нәтижесі сот отырысының хаттамасы болып табылады. Осы хаттамада отырыстың басталған және аяқталған уақыты, қаралған іс, оған қатысушы адамдар, соттың құрамы, істің атауы және т.б мағлұматтар көрсетіледі.
Осы жерде аудио-бейне жазбаның артықшылығына тоқтала кетейік
Біріншіден, жаңа жүйе сот үдерісіне қатысушылардың тәртібін қатайтады. Сот отырысында айтылған әрбір сөз бен іс қимыл аудио-бейне таспаға түсірілетіндіктен судья да, прокурор да, тараптар да әдеп сақтауға, бірін-бірі құрметтеуге тырысады.
Екіншіден, соттың барлық отырыстарының бейнежазбасының болуы көптеген даулы мәселелерді әділ шешуге септігін тигізеді
Үшіншіден, жаңа жүйе судьялардың этикалық нормаларды бұзуына жол бермейді. Бұл әр сот үдерісінің ашықтығы үшін аса маңызды. Яғни, әрбір судья ертеңгі күні өзінің іс-әрекеті толық тексерілетінін біледі.
Сондықтан қазіргі кезде 20 жыл бұрын қабылданған судьялардың этикалық кодексі ескерді, заман талабы, қоғамдық қатынастар өзгерді. Осы мақсатпен жаңа этикалық кодекс әзірленіп, талқыланды.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін340
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1529
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40530
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247916

Серіктестер