Онлайн газет



Басты мақсат-сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны орындау

«Қазақстан-2050»  Стратегиясы: қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты Елбасының Жолдауы сыбайлас жемқорлықты  ұлттық  қауіпсіздікке  тікелей  қауіп-қатер  қатарына  қояды  және мемлекет  пен  қоғамды  осы  келеңсіз  құбылыспен  күресте  күш-жігерді  біріктіруге  бағыттайды.
Біздің  елімізде  қазіргі  заманғы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнама  жұмыс істеуде. Оның  негізі «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес  туралы»  және  «Мемлекеттік  қызмет  туралы»  заңдар  болып  табылады. Бірқатар  бағдарламалық  құжаттар  іске асырылуда, мемлекеттік  қызмет  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  саласындағы  функцияларды  кешенді  түрде  іске  асыратын арнайы уәкілетті  орган  құрылды. Ол мемлекеттік  қызметті  ұйымдастыру  мен  өткеру  және  мемлекеттік аппарат  тазалығына  мониторинг  жүргізу  мәселелерін  реттеуге  ғана арналған емес, оған  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу  және  оның  профилактикасы, сондай-ақ  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар  жасаған  адамдарды  қылмыстық  қудалау  функциясы  да  берілген. Бұл  ретте  алдын  алу-профилактикалық  қызмет  жаңа  құрылған  орган  үшін басымды  болып  табылады.
Қылмыстық-құқықтық  саясат  сыбайлас жемқорлық  қылмыстарды  жасағаны  үшін  лауазымды  адамдардың  қатаң  жауапкершілігін  қамтамасыз  етеді. Сыбайлас  жемқорлық  қылмыстары  үшін  жауапкершілік  қажеттілігі  ҚР  2010 жылдан 2020 жылға  дейінгі  кезеңге  арналған  құқықтық  саясат тұжырымдамасында  көзделген. Мәселе, сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарын жасаған адамдарға  мерзімнің  ескіруі  қолданылмайды, шартты  түрде  соттауға  тыйым  салынған, мемлекеттік  қызметте  лауазымға  орналасу құқығына  өмір  бойына  тыйым  салу  енгізілді.
Мемлекеттік  қызметшілердің  жауапкершілігін  күшейтумен  қатар  әлеуметтік  кепілдіктері  де  жетілдірілуде.
Мемлекеттік  аппараттың  еңбекақысын  кезең-кезеңмен, үнемі  көтеріп отыру мемлекеттік  қызметшілердің  әлеуметтік  өзін-өзі сезінуін   арттыруға  және  олардың  өз  міндеттерін  адал  және  әділ  негізде  орындауы  үшін  жағдайлар  жасауға  арналған. Жер-жерде  ақпаратқа  қолжетімділік  кеңейтілді, оған электрондық  үкіметті, сондай-ақ  мемлекеттік  және  жекеше құрылымдардың  интернет-ресурстарын  қалыптастыру  жөніндегі  шаралар  ықпал  етті. Азаматтардың  сыбайлас  жемқорлық  фактілері  туралы  кедергісіз ақпарат  алуы, оның  ішінде  мемлекеттік  органдардың  сенім  телефондары  мен  веб-сайттары  арқылы  кедергісіз  ақпарат  алуы  үшін  жағдайлар  жасалды.
Мемлекеттік  қызметшілердің  сатылмайтындығы  және  олардың  қызметінің  ашықтығы  - сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл саясатының  табысты  болуының  негізі. Сыбайлас жемқорлық  көріністері  үшін  алғышарттардың  бірі-шенеуніктің  азаматпен  тікелей  байланысы  болуы  да  болып  табылады.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметті  алу  рәсімі  неғұрлым  оңай  және  ашық  болса, сыбайлас  жемқорлықтың  деңгейі де   соншалықты  төмен  болады.
Әрбір  қазақстандық, әрбір  отбасы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес – бүкіл  қоғамның  ісі  екенін  түсіну  керек.Тек  жас  кезінен  мінез-құлықтың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  стандарттарын  енгізу  бұл  әлеуметтік  зұлымдықты  жоюға  мүмкіндік  береді. Бала  кезінен  тұлғаны  қазақстандық  патриотизм  және  сыбайлас  жемқорлықты  қабылдамау  рухында  тәрбиелеу  маңызды  болмақ.
Жергілікті  атқарушы  органдардың, сонымен  қатар  қазақстандық  қоғам  алдында  Мемлекет  басшысының  Ұлт  жоспарындағы  5 реформаны  кезең-кезеңімен  жүзеге  асыру  мен  нақты  мақсаттарға  қол  жеткізу  міндеті  тұр. Мемлекет  басшысы  атап  көрсеткеніндей, мемлекеттің  басты  мақсаты  - әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  30 елдің  қатарына  ену  және  экономикалық  ынтымақтастық  пен  даму  ұйымына  мүше  елдердің  стандарттарын  Қазақстанда  да  енгізу  болып  табылады. Ұлт  жоспары -”100 нақты  қадам»  қоғам  өмірінің  шешуші  салаларын  жаңғыртуға  бағытталған. 15 қадам  мемлекеттік  аппараттың  кәсіби  деңгейін  түбегейлі  көтеруге  бағытталған. 19  қадам – сот жүйесі  мен  құқық  қорғау  органдарын  жаңғыртудың  тиімді  шаралары. 50- қадам – қазақстандықтардың  өмір  сапасын  арттыруға  бағытталған  жаңа  жоғары технологиялы  экономикалық  өсімді  ынталандыру  мен  адам капиталын  дамытуға  бағытталған  нақты  әрі  жан-жақты  нақтыланған шешімдер. 6 қадам  - «Мәңгілік  ел»  құндылықтар жүйесін  дамытуға, жалпықазақстандық  және  қоғамдық  бірлікті  нығайтуы ықтимал  жалпы  шаралар. 10 қадам  қоғамдық  бақылау  мен  азаматтық  қоғамның  қатысуын  кеңейтіп, мемлекеттік  органдардың  ашықтығы  мен  есептілігін, «Ашық  үкімет»  жұмысының  тетіктерін  жетілдіруді  қамтамасыз  етеді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселесі бойынша
2016 жылдың 5 айында басқарманың АЕК-на сыбайлас жемқорлық санатындағы және өзге де оқиғалар бойынша арыздар мен ақпараттар тіркелген саны – 163 құрады (КУИ):
Жалпы есептік мерзімде Басқарманың тергеуінде  сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі бойынша – 128 іс терлеген, оның ішінде:
-Басқармамен тіркелгені  115 қылмыстық іс, прокуратура және өзге де органнан түскен - 7 іс, осы істерден  сыбайлас жемқорлық санатына жататын  -125 істі құрады. Оның ішінде негізгі бағыттар бойынша қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану, қызметтік жалғандық жасау, бөтен мүлікті иеленіп алу оқиғасы тіркелген. Яғни сыбайлас жемқорлық санатындағы құқықбұзушылықтың тіркелуі - 93 пайызды құрады.
2016 жылдың 5 айындағы есептік мерзім аралығында өндірістегі сотқа дейінгі тергеп тексеру өндірісі бойынша – 119 қылмыстық іспен процессуалдық шешім қабылданып, оның ішінде ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес  айыптау актісімен  - 100 қылмыстық іс сотқа жолданды.    
2016 жылдың 5 айында есептік мерзім аралығында қылмыстық құқықбұзушылыққа ықпал жасаған әрекеттерді жою және келешекте болдырмау мақсатында  ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес  - 6 ұсыныс жолданып, 1- лауазымды тұлға жұмыстан босатылып, 2 лауазымды тұлға қатаң түрде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқықбұзушылық бағытында іс-шаралар жүргізіліп, жауапкершіліктен бой тасалау үшін лауазымды тұлғаға пара беру бойынша 1 әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасы анықталып, Меркі аудандық сотымен 200 есе бір айлық көрсеткішпен айыппұлға жазаланды.
Т.Рысқұлов аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін567
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада567
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39568
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246954

Серіктестер