Онлайн газет



ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЛТҚЫСЫЗ АЗАМАТ

М.МАНЕКЕЕВ,
«Ауыл жаңалығы».

Халықтың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күні-түні қызмет ететін полицей – бұл учаскелік полиция инспекторы. Қызметкерлердің осы санаты полиция және халықты байланыстыратын негізгі буын болып табылады. Халық учаскелік инспектордың жан-жақтылығына үйреніп алған. Бұл расымен де солай, нәтижесінде учаскелік инспектор өзінің әкімшілік учаскесінде полицияның барлық қызметін жүзеге асыратын басты полицей болып табылады.
«Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант етемін» деп қызметке қабылданған құқық қорғау саласы мамандарының жұмысы өзіндік ерекшелікке, қиындыққа толы. Тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету міндетін мойнына алған полицейлердің бірі – Бейсембаев Руслан Еркінұлы.
Руслан Еркінұлы жұбайы Шамшат Молдахалықовамен бірге үш қыз тәрбиелеп өсірген  азамат. Бала күнінен шен тағып, ішкі істер органдарында қызмет етуді мақсат еткен ол бұл салаға жай келген жоқ. «Бала күнімде полиция қызметкері болу мен үшін арман еді. Себебі, әкем Еркін Бейсембаев ішкі істер органы саласында қызмет етіп, зейнетке шыққан. Өзімді құқық қорғау саласына еңбегі сіңген әулеттің ұрпағы деп айта аламын»,-дейді кейіпкеріміз.
Арада бірнеше жылдар өтіп бала күнгі арман орындалады. Яғни, Руслан Бейсембаев мектеп қабырғасын бітіріп, Тараз мемлекеттік университетінің «Заң» факультетіне оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіреді. Алғашқы еңбек жолын 2004 жылы Байзақ аудандық ішкі істер бөлімі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болып бастайды. Аталған мекемеде үш жыл еңбек етіп, кейіннен АІІБ-нің анықтаушысы, 2008 жылы тергеуші қызметтерін атқарса, 2009-2012 жылдар аралығында Алматы қалалық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызмет аға инспекторы ретінде еңбек етеді. 2012 жылы  өз тәжірибесін ерекше көрсете білген полицей аудандық ішкі істер бөліміне штаб бастығы болып ауысады. Араға екі жыл салып, әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалады. Осылайша құқық қорғау саласында мінсіз қызмет атқарған Руслан Еркінұлы 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің Бәйтерек ауылдық округі бойынша тірек пунктінің жұмысын ұйымдастырушы, жауапты аға учаскелік инспектор болып қалтқысыз қызмет етуде. Осы нәтижелі қызмет барысында ел игілігі, қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ішкі істер органдарының қатары білікті мамандармен қалыптасуы жолында жас мамандарға кәсіби жол ашып, рухани тәрбие беруге қосқан үлесі үшін жоғары орган тарапынан Грамоталар мен  Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.  Байзақ АІІБ-нің жергілікті полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны А.Дауренбековтің айтуынша, өзі басшылық тізгінін ұстаған ұжымның еңбек ету барысында көрсеткен нәтижесі былтырғы жылға қарағанда едәуір жақсарған. Мәселен, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші орган қызметкерлері тарапынан бұзылған құқықбұзушылыққа қатысты қозғалған қылмыстық іс былтырғы көрсеткішке қарағанда биыл азайған. Мұның өзі учаскелік полиция инспекторларының нәтижелі жұмыстарының арқасы деп атауға болады. Күні кеше еліміз бойынша аталып өткен полицейлердің төл мерекесінде құрмет көрсетілген азаматтардың ішінде полиция майоры Руслан Бейсембаев та бар. Жүрегі «елім» деп соққан құқық қорғау саласының қызметкері бүгінде қоғам арасында ерекше беделге ие. Жыл санап оларға деген сенім арта түсуде. Ендеше, барша полицей қауымға айтарымыз, адал еңбек пен жүктелген жауапкершілікті сезіне білу -жұмыстың тәтті жемісі.

Обновлено 27.06.2016 10:41
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін770
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада770
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39771
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247157

Серіктестер