Онлайн газет



Зерделеу жұмыстары маңызды ауданда Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының күні өткізілді

Тараз қаласы мен аудандардағы жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласына қатысты жұмысын  зерделеу және практикалық көмек беру бойынша жұмысшы тобы құрылған болатын. Аталмыш топ ауданда болып, маңызды қоғамдық –саяси шараларды зерделеп, кездесулер өткізді.
Облыс әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының  орынбасары Д. Бейсенқұлов бастаған топ, оның құрамында талдау және мониторинг бөлімінің басшысы К.Тұмабекова, ақпараттық саясат және БАҚ мониторинг бөлімінің басшысы Д.Акишев,  саяси партиялар және үкіметтік  емес  ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы М.Досымбекова, ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Н. Дүйсембаевтар бар  топ ауданымызға  атбасын тіреп, Ботамойнақ және Дихан ауылдық округтерінде болды.
Дихан ауылдық округінде өткен жиынды аталмыш округ әкімі Қ. Исмаил ашып, қонақтармен таныстырды. Бұдан соң сөз алған Дауыл Бейсенқұлов топтың басты мақсатына тоқталды.  Ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген,  толғандырған мәселелерді тыңдап,  түйткілді мәселелерді шешу  жайын, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңындағы  жетістіктерге шолу жасап, Елбасының сарабдал саясатының  арқасында   алынған асулар мен  тындырылған тірліктерді әңгімеледі.  Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарған   ауқымды   істері мен жаһандау  кезеңінде ел дамуына   серпін берген Ұлт жоспарындағы басым бағыттарды тілге тиек етті. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларға жүргізіліп жатқан реформаларға, әлеуметтік сақтандыру жұмыстары, сондай-ақ, ұсақ қожалықтарды   біріктіру, шаруа қауымына   беріліп жатқан көмектерге,  мемлекеттік бағдарламалар аясында қолға алынған тірліктер төңірегінде әңгіме өрбітті.
Еркін пікір алысу барысында  Дихан ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Қ.Бейсенбеков жастар тәрбиесін  алдыға тартса,   алқа мүшесі Ж.Үсенов болса  жер мәселесі төңірегінде ойымен бөлісті. 
Жиын соңында Д.Ынтықбаев жеке  мәселелермен  азаматтарды қабылдады.
*              *                    *
Қорытынды жиын  аудандық әкімдіктің мәжілістер залында өтті. Оны аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Ақбаев ашып, жүргізіп отырды.
Жиында  топтың жетекшісі  Д. Бейсенқұлов ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Қоғамдағы түйткіл мәселелерді шешу, ауылдық округ әкімдерінің жұмысын бағалауда әлеуметтік зерттеулердің маңызына тоқтала келе, кейбір мәселелер: жер, ел бірлігін сақтау секілді маңызды мәселелерге айрықша  назар аудару қажеттігін айтты.
Жиынды Бақтияр Мұратұлы  қорытты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 23.06.2016 09:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін505
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада505
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39506
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246892

Серіктестер