Онлайн газет



СУ БАСУ ҚАУІПІ – ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Көктем кезінде Талас өзенінің көтерілу нәтижесінде елдімекендердің су астында қалуы, адам мен малдың денсаулығы және өміріне қауіп төнетіні  бәрімізге белгілі. Бүгінгі күні Талас өзенінде 167 м/куб су өтуде, соған байланысты судың қатты ағысынан Талас, Сарыкемер ауылдары мен «Денсаулық» саяжайы маңындағы жағалау бөгеттері қатты шайылып, осы елдімекендерге су басу қаупін төндіруде.
Өткен жұмада кешкі сағат жетілер шамасында Дихан ауылдық округіне қарасты «Денсаулық» саяжайы маңында Талас өзені жағалауының ені 8 метр аралығын су шайып, жағалау бөгетін бұзып кеткен болатын. Қалыптасқан жағдайға байланысты ауылдық округтен құрамында 20 адам және 1 трактор (погрузчик) техникасы жұмылдырылып, жағалау бөгеті топырақ салынған қаптармен және техниканың күшімен  жабылды. Осындай бағытта атқарылған шаралар ағыны қатты өзен суына шыдас бермеді. Арада екі күн өтпей жатып-ақ «Денсаулық» саяжайы маңындағы жабылған бөгет қайта бұзылып, сол күні құрамында Тараз қаласынан 12 адам, №8 өрт сөндіру бөлімінен 11 адам және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінен 2 адам, Дихан ауылдық округінен 10 адам және 1 трактор (погрузчик) техникасы бар топтың күшімен аталмыш бөгет қайта қалпына келтірілді. Талас өзенінен тасыған су саяжайда орналасқан тұрғын үйлерге қауіп төндірген жоқ. Себебі, тұрғын үйлер өзен арнасынан жоғары орналасқандықтан ағын су 1,5 метрге дейін жақындаған. Сондай-ақ жайылған су тұрғындардың мал қоралары мен саяжай маңындағы «Баймуратов» шаруа қожалығының айналасына ғана жайылды.
Бүгінгі күнде Талас өзені бойындағы қауіпті учаскелерде жергілікті атқарушы орган мен аудандық ТЖ бөлімі тарапынан тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырылып, аудан бойынша су тасқыны қаупінің алдын алу іс-шаралары дер кезінде жүргізілуде. Жағдай бір қалыпты. Алдағы уақытта да аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болмақ.

Өз тілшіміз.

Обновлено 23.06.2016 09:26
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін558
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада558
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39559
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246945

Серіктестер