Онлайн газет



БАСТЫ МАҚСАТ - ҚАНТ ӨНДІРІСІН ӨРКЕНДЕТУ

М.ШАЛҒЫНБАЙ,
«Ауыл жаңалығы».

Рас, қант өндірісін өркендету – өте күрделі технологиялық үдеріс. Өнімділік – егілген қант қызылшасының сұрпына тікелей тәуелді. Ал түсімнің мол болуы агротехникалық шаралардың сақталуына да байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, біздің өңір балтамыр өсіруге қолайлы аймақ болып есептеледі.
Бір сөзбен айтқанда, қант қызылшасын өзімізде өсіріп, өңдеуге мол мүмкіндік бар. Мемлекет тарапынан да көрсетіліп жатқан қолдаулар аз емес. Сондықтан, облыс пен аудан басшылығы қант қызылшасы егілетін алқап көлемін арттыруды ұдайы тапсырып келеді. Ауданымызда жоспар бойынша биылғы жылы бұл көрсеткіш екі мың гектарға жеткізілуі керек еді. Бірақ, бүгінгі таңда сол межеге жете алмаудамыз.
Осыған орай, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бізге берген мәліметтеріне көз жүгіртер болсақ, бүгінгі күнге жоспарланған 2000 гектардың 1355 (67,8%) гектарына қант қызылшасы себіліпті. Аудандағы 53 шаруа қожалыққа 1106 гектарға 1936 себу бірлігін алу туралы қант зауытына сұраныс хат жолданып, оның ішінде, 38 шаруа қожалық 1644 себу бірлігін келісім-шарт жасау арқылы алған.
Енді, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөз етсек. Мысалға, Бурыл ауылдық округі 200 гектарға, Жаңатұрмыс ауылдық округі 300 гектарға, Көктал ауылы 20 гектарға, Сарыкемер ауылдық округі 25 гектарға, Үлгілі ауылдық округі 100 гектарға тәтті түбір егіп, өздеріне берілген жоспарды орындап отыр. Ал, Бәйтерек ауылдық округі жоспар бойынша берілген 50 гектардың 30 гектарына, Диқан ауылдық округі 230 гектардың 170 гектарына, Мырзатай ауылдық округі 150 гектардың 100 гектарына, Ынтымақ ауылдық округі 100 гектардың 80 гектарына қант қызылшасын сепкен. Сонымен қатар, Ботамойнақ, Жалғызтөбе, Қостөбе, Түймекент және Суханбаев ауылдық округтері жоспарланған қант қызылшасын себу жұмыстарын кешеуілдетіп келеді.
Ауданның географиялық орны, климаттық жағдайы, жері, топырағы,су ресурстары, жайылымы – негізінен ауыл шаруашылығын, оның ішінде, егіншілік пен мал шаруашылығы салаларын дамытуға қолайлы аймақ саналатынын ескерсек, аудан шаруашылықтары қант қызылшасын егу ісінде кешеуілдеп қалмас деген ойдамыз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін440
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада440
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39441
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246827

Серіктестер