Онлайн газет



ӨРГЕ БАСУ-ӨМІР ТАЛАБЫ

Қ.Шотбасов,
«Ауыл жаңалығы».

Еліміз егемендіктің алғашқы жиырма жылдан сәл-ақ аса кезеңі ішінде елеулі табыстарға қол жеткізді.

Өзге мемлекеттер ғасырлап жүріп жететін жетістіктерге қол жеткіздік. Экономикадағы татымды табыстармен қатар әлем мойындаған айбынды елге айналдық. Экономикада да, саяси салада да жасаған реформалар өз жемісін беруде. Ең бастысы алға қойған биік мақсат «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының басты талаптарын мерзімінен бұрын орындауға қол жеткіздік. Әлемдегі ең дамыған елу елдің қатарына да келіп тұрмыз.  Ендігі мақсат одан әрі даму, өркендей, егеменді еліміздің іргесін бекіте түсу болары белгілі. Осыны ойға алған Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауын осы мақсатқа арнағаны сондықтан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы баспасөз бетінде де жарияланды, халық оны теледидар, радио арқылы да көріп, тыңдап, танысуда. Елге етене жақын Жолдаудың әрбір жолдарымен көпшілік жұрт танысты дегенмен оны өмірдегі, өңірдегі айқын мақсаттармен ұштастыра отырып, кеңінен түсіндіру бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осы мақсатпен арнайы ақпараттық-насихаттық топтар ұйымдастырылып, ел аралауда. Күні кеше ғана Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан құрылған топ ауданымызда болып, халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізсе, оның ізін ала облыстық және аудандық ақпараттық-насихаттық топтар ауылдарға шықты. Солардың бірі облыста сан салалы басшылық қызметтер атқарған еңбек ардагері, «Ақбұлақ» қоғамдық ұйымының төрайымы Н.Рақышова және аудандық МСЭҚБ-ның бастығы А.Төлепбергеновтен тұратын насихаттық топ Қостөбе ауылына келді.
Өткен жұмада Гоголь атындағы орта мектепте болған бұл кездесуді Қостөбе ауылдық округінің әкімі Т.Есенқұлов ақпараттық-насихаттық топ мүшелерін таныстырумен бастады. Сөзге  шыққан «Ақбұлақ» қоғамдық ұйымының төрайымы Н.Рақышова Жолдау жолдарын өңірдегі өмірмен терең байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндірді.
Тәуелсіздігін тұғырлы етіп, іргелі істермен әлем назарына іліккен Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам қойып отыр. Өткен жиырма жылда ілгері бастық, іргелі елге айналдық, берекені тасыттық, халықаралық аренада беделді ел болдық. Оған мысалдар жеткілікті. Мұны өзіміз күнделікті өмірде көріп те, сезіп те жүрміз. Әлемдік қауымдастыққа кіріккен, нарықтық экономиканы нақты жолға қойып отырған, арқада айтулы Астанасын салған, мықты елу елдің қатарына қосылып отырған Қазақ елінің ендігі алға қойып отырған  межесі бұрынғыдан да күрделі. Қазақстан соңғы 15 жылда әлемнің дамыған елу елінің қатарына іліксе, ендігі мақсат 2050 жылы ең озық отыз елдің қатырынан орын алу. Бұл жолда атқарылар істер қыруар. Осыларды тілге тиек еткен ол инновациялық-индустриялық бағдарламаны іске асыру, ауыл шаруашылығын дамыту, салада жаңа технологияларды енгізу, табиғи су көздерін үнемді пайдалану, Қостөбе ауылдық округі шаруаларының субсидиядан тиімді пайдаланып отырғандығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тағы басқа мәселелерге тоқталды. Әсіресе, білімді ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мәселесі екенін айта келіп, ҰБТ-дан төмен баға алу балаларға білім берген ұстаз еңбегіне сын екенін айрықша атап өтті. Н.Рақышова қай сала жайлы сөз қозғағанда да үлкен өмір мектебінен өткен, тәжірибелі, білікті жан екенін көрсетіп, нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірді, тыңдарман көңіліне қондыра білді.
Жиналғандар топ мүшелеріне көкейдегі сұрақтарын қойды, тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ, ризалық сезімдерін білдірді.
Жиынды қорытындылаған Қостөбе ауылдық округінің әкімі Т.Есенқұлов ақпараттық-насихаттық топ құрамына Елбасы Жолдауы бойынша елге толымды түсінік бергені үшін көпшіліктің алғысын жеткізді.
Қаңтар айының 16-18 жұлдызы аралығында облыстық және аудандық ақпараттық-насихаттық топтардың осындай кездесулері ауданымыздың басқа да бірқанша ауылдық округтерінде болып өтті. Оларда да топ мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын тұрғындарға кеңінен түсіндіріп, оның ел жүрегіне жетуіне өз үлестерін қоса білді.

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 24.01.2013 18:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1514
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5655
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31222
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201952

Серіктестер