Онлайн газет



Елі барда ердің аты ұмытылмайды

Д.Тасыбаев,
Байзақ аудандық сотының төрағасы.

Биыл дүние жүзінің барша ізгі ниетті адамзаты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71-шы мерекесін қарсы алып отыр. Сұрапыл соғыстағы оқ пен оттың, өмір мен өлімнің ортасынан аман-есен оралған кешегі Жеңіс солдаттары, баға жетпес асыл қазынамыз-соғыс ардагерлерінің бізге, яғни қазіргі ұрпақтарға қалдырған күндерін бағалау азаматтық парызымыз.
Ұлы Отан соғысы қатыгездігі мен қантөгіс жағынан тарих білген қақтығыстардың барлығынан да асып түсті. Жан алысып, жан беріскен бұл соғыс Қазақстан халқы үшін де өте ауыр сын болды. Өйткені, соғыс оты айналып өтпеген отбасы жоқ десек те болады.
Бұл алапат соғысқа Жамбыл облысынан 120000 мыңнан астам адам қатысып, олардың 32000 мыңнан астамы, яғни, әрбір төртінші жауынгер Жеңіс күнін жақындату үшін майдан даласында мәңгілікке көз жұмды.
Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн. 200 мыңнан артық қазақстандық әскери қызметке шақырылған екен.
Ел мен жер тағдыры таразы басына түскен сын сағаттарында еліміздің түкпір-түкпірінен соғысқа аттанған жауынгерлермен қатар, қасиетті Әулие-ата жерінің өрендері де ерен ерліктің өшпес өнегесін көрсетті. Отан қорғауға аттанған Жамбыл облысының 30 жауынгері Кеңес Одағының Батыры, ал, 7 жауынгер «Даңқ орденінің» толық иегері атанды. Аттары аңызға айналған Бауыржан Момышұлы, Ағаділ Суханбаев, Сәбу Шәкіров, Нұрұлла Фазлаев, Николай Белашов, Владимир Савва, Тайыр Тастандиев, Ыбырайым Сүлейменов сияқты батырларымыздың ерліктері мен есімдері бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталары сөзсіз.
«Барлығы да Майдан үшін, барлығы да Жеңіс үшін» деген ұранмен ерен еңбектің үлгісін көрсеткен тыл еңбеккерлерінің тынымсыз тірліктері ұрыс даласындағы жауынгерлерді Жеңіске жігерлендіре түсті.
1945 жылдың көктемінде жау ордасы Рейхстагта Жеңіс жалауы желбіреп, күллі адамзаттың болашағына қатер отын шашқан фашизмнің ордасы ортасына түсті. Осылайша, 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысының соңғы нүктесі қойылып, бейбітшілік пен тыныштықтың туы тігілді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрдайым соғыс ардагерлерінің қоғамдағы рөлі мен мәртебесін көтеріп, олардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуды басты назарда ұстап келеді. Бұл Жеңіс қаһармандарына көрсетілген айрықша құрмет.
Халқымызда «Елдің атын ер шығарады» деген аталы сөз бар. Сондықтан да, елі барда ердің  аты ұмытылмайды.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1283
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5424
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30991
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201721

Серіктестер