Онлайн газет



АПАТ САЛДАРЫН ЖОЮҒА АТСАЛЫСУДА

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Газетіміздің алдыңғы санында облысымыз өңірлерінде орын алған дүлей дауылдың салдарынан зардап шеккен Тараз, Қаратау, Жаңатас қалалары мен бірқатар аудандардың жай-жапсары туралы жазған болатынбыз. Бүгінгі күнге Жамбыл облысында дүлей дауыл салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Кейбір деректер бойынша табиғаттың тосын мінезінен келген шығын көлемі кемі 2 жарым миллиард теңгеден асқан. Бұл нақты сома емес. Себебі  шығын көлемі әлі есептеліп біткен жоқ. Қазір Қаратау мен Жаңатасқа біртіндеп жылу таратыла бастады. Жарық пен телефон байланысы да іске қосылған. Өңірге мемлекеттік қордан азық-түлік пен құрылыс материалдары жөнелтіліп жатыр. Бірақ төтенше жағдай орын алған шаһарлардың тірлігі толық жанданды деп айтуға әлі ерте.

Дүлей дауылдың зардаптарын жою көппен бітетін шаруа екені анық. Осы орайда зардап шеккен аймақтарға көмек қолын созу мақсатында «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалының ұйытқы болуымен аптаның бейсенбісі мен сенбісі аралығында құрамында бес жүзге тарта партия белсенділері мен жасотандықтардан құралған топтар Қаратау қаласына барып, қатты желден қираған аймақтарда тазалық жұмыстарына атсалысуда. Жұма күні таңғы сағат жетілер шамасында дүлей дауылдан қираған үйінділерді тазартуға келесі топ аттанған болатын. Олардың қатарында Тараз мемлекеттік университеті мен  педагогикалық колледжден 120 білімгер және «Нұр Отан» ХДП аудандық партия филиалының мүшелері мен жасотандықтар және аудан жастарынан жасақталған (құрамында 30 адам) топ бар.

Н.Тлепов, «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
«Дауылдың салдарынан көп жапа шеккен қаратаулық тұрғындарға көмек қолын созу байзақтық партия белсенділерінің тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Соның нәтижесі, міне өздеріңіз куә болып отырған сәт деп айта аламыз. Көмекке кетіп бара жатқан азаматтардың басым көпшілігі жастар екенін көріп отырсыздар. Бұларға тек алғыстан басқа айтарымыз жоқ».

Е.Мадияров, «Нұр Отан» ХДП Тараз қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы:
«Жалпы қатты дауылдың қандай дәрежеде болғанын бәріміз білеміз. Ал, Қаратау мен Жаңатас қалаларындағы дауылдың өте күшті болғандығын қираған үйінділерден анық аңғаруға болады. Үш күн бойына көмек көрсетуге баруға ниет білдіргендер санының басым болуы көңілге қуаныш ұялатады. Мысалы, кешегі күн Қаратауға барғандар онда тазалық жұмыстарын жүргізіп, төрт аула мен аурухана айналасын тазартты. Бүгін де осындай жұмыстарды атқаруға аттанғалы отырмыз».

А.Абдуалиев, аудандық Жастар орталығының директоры:
«Игілікті іске атсалысуға аудан жастары әрқашан дайын екендіктерін істерімен дәлелдеу үшін бара жатыр. Орын алған апаттың салдарын жоюға көп болып кіріспеу азаматтығымызға сын болары анық».
Ғ.Тұрғынбаев, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы:
«Менің ойымша көп болып, жұмыла көтерген жүктің жеңіл болары даусыз. Қаңтардың 12-сінен 13-іне қараған түні болған дауылдың салдарынан облыс аумағындағы өңірлердің қандай зардапқа тап болғандығын теледидардан көріп, газет беттерінен де оқып, алаңдаушылық білдіргеніміз рас. Ендеше бүгінде қаратаулық тұрғындарға аз да болса өз еңбегіммен көмектесу үшін бара жатырмын».

Қаратау қаласына жол тартқан нұротандықтар мен жасотандықтарды «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Берік, «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлеповтер сәт-сапар тілеп, шығарып салды.

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 19.01.2013 11:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1680
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7697
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33264
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203994

Серіктестер