Онлайн газет



АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР САРАЛАНДЫ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Елімізде өткен демократиялық сайлау барысы қазақстандықтардың жоғары белсенділігін көрсетті. Жұртшылық “Нұр Отан” партиясының сайлауалды бағдарламасының өз көңілдерінен шыққандығын білдіріп, партияға үлкен сеніммен өз дауыстарын берулерімен қатар, зор жауапкершілік те жүктеді. Енді, міне, сайлау өтті, халықтың назары еліміздің жоғары заң шығарушы органы – Парламент пен жергілікті мәслихаттарға ауды.
Кеше, аптаның жұмасы күні,  аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерімен семинар-кеңес ұйымдастырылды. Аудандық мәслихат хатшысы Н.Тлеповтің төрағалығымен өткізілген семинарға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ұйымдастыру бөлімінің консультанты  Қ.Тлеуов, мәслихат депутаттары, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинар барысында мәслихат аппаратының жетекшісі И.Сәлімбаев «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, мәслихат  депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктерін, депутаттық сауалдар, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктер туралы баяндама жасаса, депутаттық фракция жетекшісі Р.Сәрсенов «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы, оның негізгі функциялары мен құзіреті, фракция қызметін ұйымдастыру және партия құрылымдарымен өзара іс-қимыл тәртібі туралы сөз қозғады.
Сондай-ақ мәслихат аппаратының қызметкерлері Ш.Мырзалиев пен А.Сембиевалар мәслихат актілері мен мәслихаттардың тұрақты комиссияларының жұмыстары, «Қазақстан Республикасының азаматтарының өтініштерін қарау туралы» Заңы және қоғамдық қабылдау бөлмелері қызметінің стандарттары тұрғысында семинар-кеңес қатысушыларын хабардар етсе, аудандық мәслихат хатшысы Н.Тлепов фракция мүшелерінің бастауыш партия ұйымдарындағы есептік кездесулері, аудандық партия филиалындағы жеке қабылдаулар мен тиісті сайлау округтеріндегі көшпелі қабылдаулар, депутаттық сауалдарды іске асыру тәжірибесімен бөлісті.
Семинар-кеңес жұмысына қатысқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ұйымдастыру бөлімінің консультанты  Қырғызәлі Тлеуов «Біздің басымдықпен жеңіске жеткенімізге бір айға жуық уақыт өтті, мәслихат депутаттарының алдында жыл бюджетін белгілеу, мәслихатта көпшілік болып отырған “Нұр Отан” мүшелерінің жұмысын жақсарту, депутаттардың өздері сайланған аумақтардың халқымен қоян-қолтық араласу міндеті тұр. Сіздердің әрқайсыңыз партия мүшесі ретінде де, мәслихат депутаты ретінде де сайлаушылардың алдында жауапты екендіктеріңізді есте ұстау қажет. Сондықтан да қоғам мүшелерін ойландыратын бір де бір мәселеден тыс қалмау керек»-дей келе, бірқатар мәселелерге тоқталып, жұмысын жаңа бастаған халық қалаулыларына сәттілік тіледі.
Депутаттар семинар барысында өздерінің жұмыстарын жақсарту бағытындағы көптеген мәселелер жайында ой бөлісті. Бір адамның бар мәселені жете білуі мүмкін емес, сондықтан да халықтың белгілі бір топтарының мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдармен бірлесе қимылдау, жалпы қоғам үшін ұтымды болмақ.Сондықтан да олардың көмегіне сүйенгеннің пайдасы зор, деген тұжырымға келген мәслихат депутаттары өзге де мәселелер жөнінде пікір алысып, ой тоғыстырды.
Семинар соңында арнайы ұсыныстарды қорыту нәтижесінде өкілетті және атқарушы билік пен партияның аудандық филиалы мен депутаттық фракцияның ықпалдасу механизмін дамыту жайы сөз болып, фракция мүшелері үстіміздегі жылға арналған жұмыс және медиа-жоспарын бекітті.

Обновлено 13.04.2016 10:26
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін942
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада5631
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22261
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273930

Серіктестер