Онлайн газет



ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Үстіміздегі  жылдың екінші жартыжылдығына басылымдарға жазылу науқаны басталды. Маңызды науқанға орай аудандық “Ауыл жаңалығы» газетінің ұжымы Түймекент ауылдық округінде болып,   ауыл тұрғындарымен кездесті. Оқырмандармен өткен кездесуді  аталмыш мектептің директоры Ш. Қапарова ашып, қонақтармен таныстырып, сөз кезегін  газеттің  Директор-Бас редакторы С.Қалмұратовқа берді.

Сапар Нұрмаханұлы  өз сөзін  ауданның тыныс-тіршілігінен кеңінен мағлұмат беретін “Ауыл жаңалығы” газетінің  шығу тарихынан бастап, онда  басшылық еткен редакторлардың еңбектеріне тоқталды.  Газеттің бүгінгі таңда  49 пайызы-  жекеменшік, 51 пайызы  мемлекеттік болып отырғандығын, 80 жылға жуық тарихы бар  басылымда мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көретін материалдармен қоса  оқырманның көкейінде жүрген мәселелерді  жазу, басылымның  таралым данасын көтеру, алдағы уақытта оның  пішінін үлкейту,  газеттің көмегімен  заман талабына сай жарнамалық арнайы беттерді ұйымдастыру, сондай-ақ-коммерциялық бағытындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін, тұтыну тауарларын   жарнамалаудың  тиімді жолдарына  тоқталды. Ғылым мен техника дамыған дәуірде газеттің орнын интернет алмастыра алмайтындығын,   газет-билік пен халық арасындағы алтын көпір екендігін айтып,  негізгі мақсат- газет оқырмандарының қатарын көбейту екенін айта келіп, басылымға белсене жазылуға шақырды. Жалпы   газет оқырман қолына тигенше бірнеше сатыдан өтетіндігін  айтып берді.
Бұдан соң сөз алған газет редакторының орынбасары Г. Ермұратова аудандық басылымға  жанашырлық танытудың маңызын әңгімелесе,  газеттің жауапты хатшысы А. Шотбасова  аталмыш газетте  көп жылдар бойы  қызмет еткен ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, марқұм  Қ. Шотбасовтың  «Біздің газет»  өлеңін оқып,  басылым бетінде әрбір ауылдық округтердегі  қолға алынған игілікті істер мен  іс-шаралар  «Ауыл тынысы» айдарымен, жастар мәселесі кеңінен жарияланып отырғандығын, газеттің адамның рухани дамуына қосатын үлесін сөз етті.
Кездесуде  сөз алған Түймекент ауылдық округінің әкімі Б. Әлсейітов үнқағаздың  аудан өмірінде алатын  орнына кеңінен тоқтала келе,  жариялым бетінде әлемдегі соны жаңалықтар жиі жарияланса деген ұсынысын ортаға салды. Түймекент орта мектебінің директоры Ш. Қапарова: «Ауыл жаңалығы» газеті-отбасымызбен сүйіп оқитын  басылымның бірі. Аптаның сәрсенбісі мен сенбісі күні  шығатын басылымды асыға күтіп отырамыз. Газет қолымызға тиісімен басынан-аяғына дейін оқып шығып,  ауылдық округтер, аудан экономикасының түрлі салаларында  жылт еткен жаңалықтарға, ауданымыздың қол жеткізген жетістіктерінен құлағдар болып жатамыз. Өз кезегінде  игілікті іс-шараларды өзіміз де өткеруге күш саламыз. Негізінен  аудандық басылымда ойда жүрген мәселелер  жиі көтеріліп тұрады. Жазылым бағасы да қолжетімді. Сондықтан  мектеп ұжымы аудандық басылымға 100 пайыз жазылады деп сендіремін,- деп сөзін түйіндеді. Суырыпсалма ақын, сазгер С. Сейфуллин атындағы мектептің  мұғалімі Е. Тазабеков болса мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде аудандық басылымға  шағын мақала, өлеңдері жарық көргенде қуаныштан мәре-сәре болғандығын, ержете келе басылыммен етене  байланысып кеткендігін айтып,  жергілікті басылымды қолдау-азаматтығымызға сын деп, отырғандарды үнқағазға біркісідей жазылуға шақырды. Ал, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қожақов «Су адамға қандай қажет болса,  газет-журналдар да адамға сондай қажет» дей отырып,  «Ауыл жаңалығы” газетіне  жазылуға үндеді. Сонымен қатар, ол  ауылда тазалықты сақтау, қоғамдық көлік қатынасын реттеу сынды мәселелер төңірегіндегі пікірін ортаға салды.
Ашық пікір алмасу жағдайында өткен кездесуде бүгінгі аудан, ауыл  өміріндегі, әлемдегі түрлі көкейкесті мәселелер, соның ішінде  өнер, мәдениет тақырыптары кеңінен  қаузалды.
Мұндай кездесулер келесі күні Мырзатай, Жетібай ауылдарында да өтті.
Мырзатай ауылдық округінде өткен жиында ардагер Р.Саршаев нарықтық қатынас кезінде  басылымды қолдаудың маңызына тоқтала келе, болашақта газет үлкен форматта басылып шығатын болса орынды болар еді деген ойымен бөлісті.  Ұстаз  Т.Көпбосынова болса  үнқағаз бетінен балалардың шығармашылығына арналған арнайы айдар ашылса деген ұсынысымен бөлісті. Жалғызтөбелік С.Тайтелиев, Аққия ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Т.Өміралиевтер  басылымдарға жазылу кезінде  оқырманның таңдау құқығы сақталса, сонымен қатар,  жазылған газет-журналдарымыз өз уақытысында қолға тиіп тұруы үшін пошташының жұмысын реттеу жайын сөз етті.
Оқырмандар тарапынан келіп түскен   сауалдарға  аудандық “Ауыл жаңалығы” газетінің Директор-Бас редакторы С.Қалмұратов жауап беріп отырды.

Өз тілшіміз.

 

Обновлено 13.04.2016 10:15
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1160
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада5849
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22479
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274148

Серіктестер