Онлайн газет



Мектеп формасының бірыңғай болуы маңызды

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Мектеп оқушыларының оқу орнына киетін киімдерінің бірыңғай болуы басты талап екендігі жөніндегі мәселелер бұған дейін де аз айтылған жоқ. Апта басында Сарыкемер орта мектебінің акт залына жиылған аудандағы мектеп директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілер және ата-аналар аталмыш тақырыпта кеңінен әңгіме өрбітті.

Жиынды аудан әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі М.Есеналиева ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселемен таныстырды.
Мұнан кейін мінбеге көтерілген аудан әкімдігі білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері И.Спаналиева көпшілікті ҚР Білім және ғылым Министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен таныстырды.
Яғни, Индира Абылханқызы бұйрықта: «Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады» деп анық жазылғандығын мәлімдеп, бұдан да басқа міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, бұйрыққа сәйкес ендігі жерде мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтындығын және кез келген діни атрибутикаларды киюге тиым салынатындығын атап өтті. Мұнымен қоса, барлық орта мектептерде спорттық киім үлгісі бір түсте болуы тиіс. Мерекелік шараларға арнайы киім киілсе, қыздардың белдемшелері тізеден төмен тұруы шарт. Ал, тиісінше мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін орналастыруға рұқсат етілген. Міне, осы жөнінде егжей-тегжейлі сөз қозғалып, көпшіліктің пікірі тыңдалды.
Алғашқылардың бірі болып өз ойымен Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі оқушыларының ата-аналары атынан аудандық қоғамдық ата-аналар кеңесінің төрайымы А.Қуанова бөлісті.  Ол Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі оқушыларының мектептегі формасын көрсете отырып, киімге қолданылған матаның түр-түсі, сапасы, баланың тұрып-отыруына, жүруіне ыңғайлылығы жайын сөз етті.
Жиында Сарыкемер орта мектебінің директоры М.Наметқұлов, ардақты ана З.Сүлейменова және өзге де ұстаздар өз ойларын ортаға салды. Жиын қатысушылары мектеп формасының бірыңғай болуы балалар арасында теңдік қалыптастыратындығын айта келе, аудан бойынша ортақ мектеп формасы бекітілсе екен деген ұсыныстарын білдірді.
Қалай дегенде де,  бұйрықта мектеп формасының түсін, пішінін таңдау орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес және ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі деп көрсетілгені рас. Әрине бұл оқушылардың, оның ішінде қыз балалардың бір деңгейде киінуіне мүмкіндік береді. Әрі  үстіміздегі жылдың 25 мамырына дейін  басшы мектеп формасының бекітілуін қамтамасыз етеді делінген. Демек, сөзден іске көшетін кез жақындап қалды...

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін787
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада5476
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22106
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273775

Серіктестер