Онлайн газет



Тәуелсіздікке - 25 жыл!

Ағымдағы жылы еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын кеңінен атап өтетін болады. Тәуелсіздік бізді,  қазақ халқын әлемге танытты. 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап  Қазақстан Тәуелсіздігін әлем елдері мойындады. Бүгінде  өзіндік даму жолына түскен  егемен еліміздің экономикасы қарқынды дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай “Тәуелсіздікке-25 жыл”  айдарымен 
ауданымыздың елді мекендерінде әртүрлі шаралар кеңінен өткерілуде.

Жүлде Нұрболға бұйырды

Төрткүл әлемге танылған қазақ елі, Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында  биік белестер бағындырылды,  толайым табыстарға қол жеткіздік. Ендігі мақсат тәуелсіздікті тұғырлы етіп, “Мәңгілік Ел” идеясын іске асыру.  Мерейлі мереке қарсаңында  Түймекент орта мектебінде педагог-ұйымдастырушылар Е. Секеров, Г. Кусаинова және С. Баймурзаеваның бастамасымен 8-11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Көптен күткен көктемім”  ән байқауы өтті.
Оқушылар бойында қазақ халқының әндеріне деген сүйіспеншілікті ояту мен  ел тәуелсіздігін ұлықтайтын әндерді орындау шеберліктерін ұштауды мақсат еткен  ән  сайысына қатысушылар дәстүрлі және еркін тақырыптағы әндерді әуелете шырқады.
Ән мерекесінде бас жүлдені  9”б” сынып оқушысы Н. Уразбаев бас жүлдені жеңіп алды.

Аудан имамдары топ жарды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  дін қызметкерлерінің арасында, яғни  «Байзақ аудандық имамдар» құрамасы, «Байзақ жамағаты», «Жамбыл аудандық имамдар» құрамасы,  «Жамбыл жамағаты», «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері құрамасы, қала және аудан имамдары, «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстаздары, «Һибатулла Тарази» мешітінің имамдары құрамасы қатысқан сайыс өте тартысты өтті.
Жалпы 8 команда қатысқан додада  Байзақ ауданының  командасы шашасына шаң жұқтырмай, бірінші орынды жеңіп алды. 2 орынды – «Байзақ жамағаты», 3 орынды – «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері құрамасы, 4 орынды – «Жамбыл аудандық имамдар» құрамасы иеленді.
Жеңімпаздар Құрмет грамотасымен, Кубок  және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Мұнымен қатар жүлдегер топтарға былғары доп,  «Үздік футболшы» атанған мықтыларға спорттық киімдер табыс етілді.

Өз тілшіміз.

АСЫҚ АТУ, ШЕКЕМТАСТАН СПАРТАКИАДА

Б. Жақсымбетов,
“Ауыл жаңалығы”.

Таяуда  Сарыкемер ауылындағы Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының спорт залында асық атудан Жамбыл облысының VIII-ші жазғы спартакиадасы облыстық білім басқармасының басшылығымен және аудандық білім және дене шынықтыру, спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Ұлттық спортымыздың құндылықтарының бірі асық атуды дамыту, насихаттау мақсатында өткізілген іс-шараға барлығы жеті ауданнан (Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу, Талас, Жамбыл аудандары) командалар қатысты.
Аталмыш спартакиада барысында асық атумен қатар, қыздар арасында шекемтас ойыны да ұйымдастырылды. Қыздар арасындағы шекемтас ойынында Королевка орта мектебінің оқушысы Шарипова Жансая (жаттықтырушысы Түктеев Мұхтар) барлық ауданнан келген қарсыластарын жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Ойындардың нәтижесі бойынша жалпы командалақ есепте бірінші орын Жамбыл ауданы, екінші орын Байзақ ауданы, үшінші орын Қордай ауданы құрама командаларына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды.

Обновлено 13.04.2016 10:01
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін265
mod_vvisit_counterКеше1817
mod_vvisit_counterОсы аптада6771
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда23401
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2275070

Серіктестер