Онлайн газет



Көзсіз ерлік жасаған “Халық қаһарманы” Ғазиз Байтасовтың ерлігіне құрмет көрсетілді

Сан ғасырлық тарихымызда ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығы мен жерінің бүтіндігі үшін толарсақтан саз кешіп, ат ауыздықпен су ішкен заманда, қолына найза алып,  ереулі атқа қонған қайсар бабаларымыздың  бүгінгі ұрпағы-Ғазиз Байтасовтың  туылған күніне орай  жиын өтті.

Жиында аудан әкімі М.Шүкеев сөз сөйлеп, жерлесіміз Ғазиз Әбдібекұлының бейбіт күнде жасаған ерлігі жастарды  отансүйгіштікке, елі мен жерін  қадірлеуге жетелейтіндігін айта келе, хас батырға Тараз қаласындағы Қазыбек би көшесі бойында ескерткіш, Жамбыл облыстық ішкі істер Департаменті ғимараты мен аудан орталығы-Сарыкемерде “батырлар аллеясында” тақта орнатылғандығын, облыс орталығындағы көшелердің біріне оның есімі беріліп, Жамбыл облыстық ішкі істер органдары мен Отан соғысы жылдары қызметін өтеуде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке Ғазиздың есімі енгізілгендігін атап өтті.

Одан соң сөз алған Байзақ ауданының Құрметті азаматы Р.Шәметов    ерлік Отанға, ел-жұртыңа, ағайынға, туған жерге деген жүректегі сезімдерден туындайтындығын тілге тиек ете отырып, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен алдыңғы толқыннан тәлім алып,  солардың ісін жалғастырған Ғазиздай ердің ерлігі ұрпаққа үлгі екендігін  әңгімеледі.
Жиналғандар батырды бір минут үнсіздікпен еске алған соң “Байзақ баба” мешітінің бас имамы Р.Азизов  әруаққа бағыштап құран оқыды.
Жиын соңында аудан әкімі М.Шүкеев, ауданның Құрметті азаматы Р.Шәметов және аудан азаматтары бастаған топ «Халық қаһарманы»  Ғ.Байтасовтың есімі жазылған мемориалдық тақта алдында тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.

*          *         *
Тарлан тарих бетіне есімі алтын әріппен жазылған даңқты  ердің туылған күніне орай  №3 Байзақ колледжінде “Ерлік- ұрпаққа ұран, елге-мұра” атты еске алу кеші,  аудандық кітапханада “Ерлігі елге аян-тәуелсіз елдің батыры” тақырыбында кітап көрмесі, Түймекент ауылында “Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған  волейболдан 1999-2000 жылы туылған  жасөспірімдер арасында V-ші облыстық ашық турнир өтті.Турнирге  облыс аудандары мен Тараз қаласынан, жалпы  саны 13  команда қатысты.  Батыр ерлігін ұлықтаған  жарыста командалар арасынан бірінші орынды  Шу ауданы, екінші орынды  Тараз  қаласы, үшінші  орынды аудандық №1 БЖСМ иеленді.


Жеңімпаздар мен  жүлдегерлер Кубокпен, медальдар, Дипломдар және сыйлықтармен, сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен ойыншылар кубоктармен, ал,төрешілер дипломдармен марапатталды.
“Ер есімі – ел есінде”  демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған баһадүр аға ұрпақтың, бүгінгі күннің батырының ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 07.04.2016 04:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін400
mod_vvisit_counterКеше1817
mod_vvisit_counterОсы аптада6906
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда23536
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2275205

Серіктестер