Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА-ІС ЖҮЗІНДЕ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

2020 жылы еліміз өндірісі өркендеген алпауыт елге айналуы қажет. Бұл - Елбасының  халыққа дәстүрлі Жолдауында міндеттеген тапсырмалардың бірі. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, тауар мен қызмет көрсету сапасының жақсаруы, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, бизнесті жүргізу талаптарының жақсаруы үдетілген игілікті істің нәтижесі.
Қазақстан Республикасының  2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы Елбасының 2009 жылы 15 мамырда кезектен тыс өткен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының XII құрылтайында берген тапсырмасы бойынша, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының негізінде, сонымен қатар, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыттарына сәйкес құрылған болатын. Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. 2015 жылға дейін қарқынды индустрияландыру саясатының негізгі бағыты экономиканың экспортқа бағытталған секторларында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер тудыру болмақ.
Елбасы халыққа Жолдауында бес басым бағытқа айрықша тоқталған. Соның бірі - индустриялық бағдарламаны дамыту. Сондықтан аталған бағдарламаның арқалайтын жүгі ауыр десек те болғандай.
Өткен жұмада аудан әкімдігі мәжілісінің күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе осы бағдарлама аясында өрбіген еді. «Қазақстан Республикасының «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасының 2015 жылы ауданда орындалуы мен 2016 жылдағы міндеттері туралы» аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Қайрат Тұраров баяндама жасады.
-Ауданда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес атқарылып келеді. Есепті кезеңде аудан аумағында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен 5420 субъекті тіркелсе, оның 64 пайызы жұмыс істеуде,-деп сөзін бастаған баяндамашы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтудың жыл санап артып келе жатқанындығына тоқталды. Сондай-ақ өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі 12,4 миллион теңгені, бөлшек сауда айналымының көлемі 1161 миллион теңгені құраған. Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі 20 миллионнан асып түссе, бөлшек сауда айналымының көлемі 340,3 миллион теңгеге жеткен.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында аудан аумағында «Байзақ», «Азия», «Арнұр», «Алатау» шағын несие серіктестіктері мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жүзеге асырылуда екен. Бір ғана мысал, ағымдағы жылдың екі айында кәсіпкерлерге 35 миллион 520 мың теңге несие беріліпті.
Бас маман өз баяндамасында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 684,8 миллион теңгені құрайтын 17 жобаның дайындалғанын, соның 10 жобасы іске асырылып жатқанын, бағдарламаға сәйкес, 2010-2015 жылдары индустрияландыру картасына енген жобалар жайында сөз қозғады. Атап айтар болсақ, Ынтымақ ауылдық округінде 2010 жылы «Жасұлан-Флора» ЖШС-нің жалпы құны 1,200 миллиард теңгені құрайтын, гүлді өндірістік негізде өсіру кешенінің жобасы, Көктал ауылындағы 2011 жылы негізі қаланған «Тараз құбыр зауыты» ЖШС-нің жалпы құны 960,0 миллион теңгені құраған (қуаттылығы 750 кг/сағатына) полиэтилендік құбырлар өндіретін зауыт құрылысын салу,  2012 жылы Ботамойнақ ауылдық округінде іргесі қаланған «База Servis» ЖШС-нің жалпы құны 300 миллион теңгелік (қуаттылығы жылына 15 миллион) кірпіш шығаратын инвестициялық жобалары, сондай-ақ өткен 2015 жылы Мырзатай ауылдық округінде салына бастаған «Әулие Ата-Феникс» ЖШС-нің жалпы құны 1 миллиард 950 миллион теңге тұратын құс етін тереңдетіп өңдіретін фабрикасының жобасы іске асырылуда.
Осылайша ауданда аталмыш бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндама жасаған Қайрат Тұраров басқа да жобаларға қатысты қысқаша мәлімет бере кетті.
Баяндамашыдан кейін жарыссөзге шыққан Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Е.Заурбеков, Ынтымақ ауылдық округінің әкімі М.Ноғаевтар елдімекендерде мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Әкімдік мәжілісі барысында бұдан өзге жеті мәселе қаралып, оның әрбірі бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Обновлено 07.04.2016 04:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1363
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада6052
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22682
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274351

Серіктестер