Онлайн газет



Ел дамуына серпін берді

А. Тасканбаева,
аудандық әділет басқармасының  бас маманы.

“100 нақты қадам» – Ұлт жоспары елімізді ұлы істерге жұмылдырып,  егемен елімізді ХХІ ғасырда көшбасшы отыз елдің қатарына қосылуға жол ашатын маңызды құжат екендігі шындық.
“...Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды.
Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді.
Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді.
Біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық.
Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды.
Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын ғана барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді баурап алған көптеген ой-ниеттерімізге қол жеткіздік.
Біз Қазақстан Республикасының егемендігі Конституция мен заңдардың берік арқауы мен халық мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік аппараттың кәсіби және негізді іс-қимылына арқа сүйеуін қамтамасыз еттік.
Оны Қазақстан экономикасының нақты табыстарымен, ұлттық байлықтың және халық игілігінің өсімімен нығая түсетін еттік.
Тәуелсіздігіміздің жоғары халықаралық беделмен және ұлттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесімен сенімді қорғалуын қамтамасыз еттік.
Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаңа технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салаларын іске қосудамыз. Және ең бастысы – біз жаңаша армандауды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік” деп Елбасымыз айтқандай, бүгінгі таңда еліміз биік асуларды бағындырды. Еліміз әлемге танылып, дамудың даңғыл жолына түсті.   Дағдарыс жағдайына қарамастан елімізде өндіріс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жыл сайын жақсарып келеді. Ел келешегі-жастарымызға жасалып жатқан қамқорлықтың арқасында білімді де білікті жас мамандар  барлық салада еңбек етуде. Жалпы Ұлт жоспарындағы басым бағыттар іске асып, оның игілігін халық көруде.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1063
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада5752
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22382
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274051

Серіктестер