Онлайн газет



Сұранысқа ие «Лесняктың сүт өнімдері»

А.Шотбасова,
“Ауыл жаңалығы”.

Қазақта «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген дана сөз бар. Пайдасы өз алдына бір әңгіме, пайдалы іс істеп, елге еңбегің сіңіп жатса нағыз бақыт сонда!

Еңбек – бақыт бастауы екендігімен жеке кәсіпкер Владимир Ильич Лесняк та келіседі. Зейнетке шыққаннан кейін, қарап жатқаным болмас деп, жеке ісін ашқан азаматтың жұмысы өзін ғана емес, өзгелерді де бақытқа кенелтіп келеді. Ауданымыздағы Қостөбе ауылдық округіндегі Талас ауылында осыдан бірнеше жыл бұрын ашылған «Молочный бидончик» сүт өнімдерін өңдейтін цехта оннан аса жұмысшы қызмет етіп, өз нәпақаларын тауып отыр.  Ал олардың көбі осы елдімекеннің тұрғындары екен.
Цех технологы Н.Масякинаның басшылығымен «Молочный бидончик» қазіргі таңда - ірімшік, сүзбе, айран, қаймақ, сары майдың түр-түрін өндіреді. Ал, соңғы  кезде өндіріле бастаған түрлі дәрумендерге бай жаңа иогурттар мен  «Био-К» сүт қышқылды өнімдері көптің көңілінен шығып келеді. Ең бастысы, мұндағының барлығы табиғи таза сүттен жасалған. Сондықтан да болар сұранысқа ие Лесняктың сүт өнімдері Тараз қаласындағы бірнеше сауда нүктелерінде сатылымға түсіп жатыр. «Молочный бидончиктің» дәмді сүттерінен бүгінде облысымыздағы бірқанша балабақшалардың балалары дәм татып жүр.
- Мен 2007 жылы еңбек демалысына шықтым. Бұған дейін құрылыс саласында қызмет атқарғанмын. Әбден іс істеп қалған адам жұмыссыз жата алмайды екен. Ендігі күш-жігерімді елдік іске арнап, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне кішкентай болса да өз үлесімді қоспақ болып, жеке іс аштым. Алдымен ауылымыздағы ескі бір қойманы жалға алдым. Ішін жөндеп-әрледім. Арнайы құрал-жабдық сатып алып, күніне 3 тонна сүт өңдейтін цех аштым. Әрине, басында қиындау болғаны рас. Алайда, Елбасымыздың ел кәсіпкерлеріне жасап жатқан қамқорлықтары, облыс, аудан әкімдерінің қолдаулары маған үлкен демеу болды. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 19 млн. теңгеге несие алып, ісімді ілгері жылжыттым. Осылайша бүгінде қуаттылығы 6 тоннаны құрайтын өнімді өндіріп жатырмыз. Өткен 2013 жылы әлгі қойманы жеке меншікке сатып алдым. Қандай жеңіске жетейін, ол ең алдымен елден алған алғыспен, әрі осында жұмыс жасап жатқан әрбір азаматтың еңбегімен келді деп сеніммен айта аламын. Бұл істе маған ұлым Сергей қолғабыс жасап жүрсе, білікті маман Дінмұхаммед Нуралиевтің басшылығындағы Байзақ аудандық кәсіпкерлер Палатасына алғысым шексіз. Ал, жастарға айтарым, жарқын болашақ жолында қандай жұмыс болмасын, оның бастапқы қиындығынан қашпай, керісінше белсенді болуға шақырамын. Өз ісін ашам деушілерге елімізде барлық ыңғайлы жағдайлар қарастырылған, сол мүмкіндікті пайдаланып, еңбек етуге үндеймін, - деді бізбен болған әңгімесінде кәсіпкер Владимир Ильич.
Иә, кәсіп  түбі – нәсіп. Еңбек ерлікке жеткізеді. В.Лесняк жуырда ғана Елбасының Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иемденді. Бұған дейін «Лесняк» жеке кәсіпкерлігі «Ең үздік жыл өнімі» аталымымен және «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» Құрмет Грамотасымен мадақталған болатын. Бұл оның қажырлы еңбегіне берілген баға.
Ал, біздегілер «Молочный бидончикке» өз бағасын ауылымызда  арнайы сауда орыны ашылғанда бере жатар. Ол күнге де аз қалды. Анығын айтқанда, кәсіпкердің сөзіне сүйенер болсақ таза және дәмді сүт өнімдерін енді сарыкемерліктер қалаға бармай-ақ, осы жерде сатып ала алады. «Ол үшін жер де, орын да дайын, құжаттарды ретке келтірсек жуырда дүкен ашпақшымыз» деді ол.

Обновлено 07.04.2016 04:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1321
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада6010
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22640
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274309

Серіктестер