Онлайн газет



Дүбірлі дүние

Ақылды тоңазытқыш

«Samsung» компаниясы Лас-Вегаста өткен «Сonsumer Electronics Show 2016» көрмесінде ерекше тоңазытқышты ұсынды.  Family Hub тоңазытқышының ерекшелігі - оның орындайтын функциялары адамнан еш қалыспайды. Қалай дейсіз ғой?
Ақылды тоңазытқыш ішінде тұрған азық-түлік пен тамақ өнімдерінің жарамдылығын немесе бұзылғандығын иесіне хабарлап отырады екен. Сонымен қатар, Family Hub ішінде тұрған тамақтың қай уақытта таусылатынын айтып береді.  Тек айтып қана қоймай, иесінің смартфонына хабарлама жібереді. Ол аз десеңіз, тамақ алуға қолыңыз тимей жатса, ғаламтордан азық-түлікке тапсырыс береді. Осылайша ақылды тоңазытқыш электроника әлеміндегі жылдың үздік жаңалығы болмақшы.

Асық ойнайтын тақта ойлап тапты

Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Кезінде бұл ойын ашық алаңқайда ойналса, енді заман талабына сай арнайы тақта ойланып табылуда.Оны қарапайым қазақ жігіті ойлап тапты.
Павлодар облысы, Качир ауданы, Трофимовка орта мектебінде жұмыс істейтін мұғалім Берік Әбдірахманов оқушылардың асық ойнаулары үшін арнайы тақта жасап шығарды. Ол осылайша еліміздегі ең алғашқы асық үстелінің өмірге келуіне мұрындық болды.
Үстел шеңбер тәріздес. Алайда, ұстаз оны әлі де түрлендіру керек деп отыр. Себебі, ұтып алған асықтарды орналастыратын арнайы орын ойластыру керек екен. Үстел ханталапай ойынына арналған. Осылайша енді оқушылар теннис, тоғызқұмалақ ойындары секілді асықты да үстел үстінде ойнай алады.

Адамның жасы 5 мың жылға ұзаруы мүмкін

2100 жылы дамыған елдердегі адамдардың жасын бес мың жылға жеткізуге мүмкіндік туады. Бұл туралы Мадридте шығатын испандық  «Мундо» газетіне берген сұхбатында Кембридж университетінің генетик-ғалымы Обри де Грей мәлімдеген. Ол басқаратын арнайы топ адам туа салысымен оның ағзасына кері әсер ететін факторларды болдырмайтын әдістер ойлап тауып жатыр. «Ғалымдар осы күні қартаюдың себептерін толық ашудың алдында тұр. Ғылымның осы саласы қарқындап дами берсе, 2100 жылы «Жастықтың дәрісі» табылады екен.

Әлемдегі қарлы қалалар

Қар қалың түскен уақытта қалаларды қардан тазарту, жол салу тәрізді қиындық келтірер мәселелер көбейері анық. Мәселен, әлемнің 8 қаласы мәңгі қар астында жатса да, бұл құбылыс жергілікті тұрғындарға еш кедергі келтірмейді екен. Тіпті қала халқы қарлы боранды да елемейді.
Вальдес – Америка Құрама Штаттарындағы ең қарлы аймақ. Онда туристер көп ағылатындықтан АҚШ-тың мақтанышына айналған. Мәңгілік тыныштық орнаған қалада небәрі 3000 адам ғана тұрады. Ал қаланың айналасы мыңжылдық мұздықтармен қоршалған.
Сонымен қатар, қарға оралған Аомори қаласы Жапониядағы ең биік қарлы шыңдардың бірінде орналасқан. Қаланың айналасы қара орманмен емес, ақ орманмен қапталса, Солтүстік Америкадағы көне қалалардың бірі болған Квебек аймағы әлемдегі ең қарлы аудан ретінде танылған. Мұнда жыл сайын 400 см дейін қар түседі екен.

Оятқыш кілемше

Естімеген елде көп. Мұндайда болады екен. Енді таңертең адамды сағат емес, кәдімгі кілемше оятады дегенге сенесіз бе?
Винсон Там есімді жігіт пен оның жас кәсіпкерлер тобы адамды теңертең ұйықтап қалудан сақтайтын оятқыш кілемше жасап шығарды. Кілемше аса сезімтал оятқыш құрылғымен жабдықталған. Ең қызығы оятқыш кілемшеде ешқандай басқарғыш құралы жоқ. Яғни егер ұйықтап жатқан адам оятқыштың дыбысын өшіргісі келсе, міндетті түрде кілемшені екі аяғымен бірнеше секунд бойы  басып тұруы тиіс. Сонда ғана кілемше өзінің дыбыс шығаруын доғарады екен.

Көзінің орнына  - камера

Канадалық  Роб Спенс есімді бір көзі көрмейтін 43 жастағы жігіт ауру көзінің орнына кішігірім камера орнатты. Енді ер адам қысқа видеоларды таспаға жаза алады.
Камера көзге ұқсас, ол жүйке талшықтарымен байланыстырылмаған. Роб оны магнит арқылы басқарады екен. Роб тоғыз жасында бір көзінен айырылған. Ол жаңа “көзінде” адамдардың эмоцияларын жазып, артынан оны деректі фильмге пайдалануға болады деп ойлайды.

Әртүрлі басылымдардан алынды.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін297
mod_vvisit_counterКеше1817
mod_vvisit_counterОсы аптада6803
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда23433
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2275102

Серіктестер