Онлайн газет



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-жалпы халыққа ортақ іс

атты тақырыпта Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында жиын өтіп, оны басқарма басшысы А.Асқарова ашып, осы мәселеге байланысты баяндама жасады.
Баяндамашы  Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарға, соның ішінде мемлекеттік кірістер органдарында  салықтық қызмет көрсету барысындағы жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жеке-жеке тоқталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 7-бабының 1 тармағының 2-1 тармақшасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен көтермеленетіні туралы да айтып өтті. Мұнан кейін сөз алған «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының  сектор меңгерушісі К.Кусемисов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында атқарылған жұмыстарды атап өтіп,  аталмыш басқарма қызметкерлері сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға  не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуге шақырды.
Сонымен қоса күн тәртібіндегі мәселе бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  қызметкерлеріне  жүктелген міндетті ұмытпау, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға, оның алдын алуға жауапты екенін,  Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексі  талаптарын бұлжытпай орындаудың маңызын естен шығармай, салық төлемгерлеріне сапалы әрі уақтылы,  мәдениетті мемлекеттік қызмет қөрсетудің маңызы да айтылды.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1196
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада5885
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22515
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274184

Серіктестер