Онлайн газет



“Ерсән-Жәнай” жекеменшік балабақшасы ашылды

 

Тәуелсіз еліміздің үкілеген үміті-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы саналып қана қоймай,   әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын  орын саналады. Ойын, еңбек, оқытуды

өзара ұштастыра отырып,  бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.

Кеше, жұма күні  Мырзатай ауылдық округінде “Ерсән-Жәнай”атты  жекеменшік балалар бақшасы  есігін айқара ашты.
Кәсіпкер, аталмыш  ауылдың тұрғыны Айша Махатайқызы  өз үйін бақшаға икемдеп,  25 балаға лайықтап ашқан бақша қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.  Жас өскіндердің өміртаным оқуына, бір мезгіл ойнап бой жазуларына, демалуларына және олардың түрлі өнер саласына баулуға қажетті жағдайлар жасалған.
Бақшаның  салтанатты ашылуында  аудан әкімі М.Шүкеев құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын мектепке дейінгі мекеменің  ашылуымен құттықтады.

 

-Қазақстан  Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында  байтақ елімізде көптеген игілікті істер атқарылуда. Елбасының   Қазақстан халқына арнаған Жолдауында   балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған “Балапан” бағдарламасы шеңберінде өткен жылы аудан орталығында “Еңлік” жекеменшік бақшасы ашылған болатын. Міне бүгін екінші жекеменшік балабақша  іске қосылып, балғындарды ғана емес,  Мырзатай ауылының тұрғындарын қуанышқа кенелтуде,-дей келе, аудан басшысы аудан бойынша  29 балабақша, 6 шағын орталықта 3560 бала тәрбиеленіп жатқандығын айтып, кәсіпкердің еңбегіне  табыс тіледі. Бұдан соң сөз алған меншік иесі Айша Нұрманалиева   ел келешегі-жасөскіндердің игілігі үшін ашылған нысанның іске қосылуына қол ұшын беріп, жәрдемін аямаған азаматтарға алғысын айтса, ауылдық ардагерлер  алқасының төрағасы А.Әлімбаев  Елбасының  Жолдауындағы басым бағыттың бірі-“Мәңгілік Ел” идеясын іске асыратын бүгінгі  жас өскіндер  екендігін айтып,  жекеменшік балабақшаның алғашқы қадамына сәттілік тіледі.
Бақшаның  алқызыл лентасы қиылып, шашу шашылды.
Бөлме іштері жарық, ойын алаңдары, әткеншектермен жабдықталып, әсем безендірілген екен. 25 балаға лайықталған  бақшаның ішін  аудан басшысы аралап көрді. Ел ағаларына деген ақжарма тілектерін балалар өлең жолдарымен жеткізді.
Бүгінгі таңда кәсіпкер 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Балабақшада тәрбиелену құны бір балаға  айына 5 мың теңгені құрайды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 05.04.2016 16:30
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1493
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада6182
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22812
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274481

Серіктестер