Онлайн газет



Атадан мал қалғанша, тал қалсын

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Қоршаған орта сапасын арттыруды халықаралық стандарттарға сәйкес мемлекеттік жобалармен жүзеге асыру – ел алдындағы үлкен міндет. Өйткені, қоршаған ортаның тазалығын сақтап, экологиялық ахуалды жақсарту біздің елімізде өзекті мәселенің біріне айналды. Тәуелсіз мемлекетіміздің еңсесі тіктеліп, ертеңгі күнге сенімін нықтайтын да қоғамның дені сау азаматтары. Олар тыныстайтын ауа, жер, су тазалығы, табиғат берген сыйды қорғау, көгалдандыру ісі күн тәртібінен түспеген.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қала мен ауылға, елдімекендерді, айналаны көгалдандыруды қоғам алдындағы үлкен міндет етіп қоюының басты себебі де экологиялық жағдайдың адам өмірі үшін маңыздылығын ескеруінде болып отыр.
Елімізде «Жасыл ел» бағдарламасы аясында да біраз шаралар ұйымдастырылып, аталмыш іске жастарды жұмылдыру арқылы ауқымды жұмыстардың нәтижесі көрінгені даусыз. Әрине, жасыл желектің қоршаған ортаны сауықтыруға әсері мол. Бұл тұрғыда аудан басшылығы аудан орталығы мен елдімекендердің көгалдандыру ісіне үн қосып, «Жасыл белдеу» бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды.
Бұл тұрғыда аудандағы ахуалдың түзелуіне бағытталған жұмыстар күн тәртібінен түскен емес. Жыл сайын қоршаған ортаның тазалығы, көгалдандыру, абаттандыру мақсатында іс-шаралар жоспарланып, ағаш отырғызу, көктемгі-күзгі айлық ұйымдастыру құжаты бекітіліп, жалғасын тауып келеді.
Осыған орай, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бізге берген мәліметтеріне сүйенер болсақ,  «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2002-2010 жылдар аралығында елдімекендердің аумағында жалпы 52 га жасыл белдеулер отырғызылыпты. Атап айтқанда, 2005 жылы Барысхан жер телімінде 10 га және Төрегелді ауылына 5 га, 2009 жылы Қызыл жұлдыз ауылдық округінде 6 га, Қостөбе ауылдық округінде 2 га,  2010 жылы Темірбек ауылдық округінде 15 га жерге ағаштар егіліпті. Сонымен қатар, осы жылдары Сарыкемер ауылына кіретін жол бойында орналасқан дендросаябаққа 14 га жасыл белдеу отырғызылған.
Аталмыш бағдарлама аясында үстіміздегі жылы аудан аумағындағы ауылдық округтерде жалпы көлемі 46,8 га жасыл белдеу отырғызу жоспарлануда. 20 га жерге 22 000 түп тал отырғызылды. Оның ішінде 21 500 дана қара ағаш, 300 түп жеміс ағашы, 200 түп терек егілген. Қалған 26,8 га жерге тал-теректер ағымдағы жылдың сәуірінде  егілмек.
Осы мақсатта Түймекент ауылдық округіндегі Ақжар ауылына кіреберіс аумақта төрт гектар жерге қара ағаштар егілді. Қаз-қатар тізілген жас көшеттердің түптері әктеліп, суғарылыпты. Аталмыш округтің игі бастамасы өзге елдімекендерге үлгі боларлық.
Өркениет көшіндегі ел саясатының сындарлы тұсы заманауи әдістерді қолдану арқылы табиғатты қорғаудың нақты шешімдерге бағытталған кешенді шараларды ұйымдастыруды қажет етеді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1154
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада5843
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22473
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274142

Серіктестер