Онлайн газет



ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ БАС ҚОСТЫ

Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекетімізді өркендету жолындағы саясаты бүгінде көптеген мемлекеттер үшін үлгі болуда. Еліміздің даму діңгегіне айналған Ұлт жоспары – ұлт  пен ұлыстарды ұйыстыратын, өткір де ұтқыр идеяға құрылған ортақ іс. Елбасы ұсынған 5 институттық реформа жалпыжұрттық деңгейде бірден қолдау тауып, халықтық реформа деген лайықты атқа ие болды.
Осы орайда, аудандық орталық кітапхананың оқу залында

мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің аға кітапханашысы Р.Күздеубаева іс-шараны кіріспе сөзбен ашып, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам – бұл жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттердің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Ұлт жоспарының көкжиегі кең, маңызы мен нәтижесі орасан зор. Бұл құжат жаһандық тұрақсыздық белең алып отырған қазіргі жағдайда елдің қиын сынақ кезеңінен сенімді өтуіне негіз болмақ» екендігін айтса,  түрік этномәдени орталығының жетекшісі М.Раджамов ең басты байлығымыз – бірлік пен берекені бекем ұстап, Қазақстанның қарышты дамуына жетелейтін 100 нақты қадамның бағыт – бағдары бойынша одан әрі жұмысты жандандыра түсу керектігін сөз етті. «Отандастар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Ильясова мен «Бірлік» ұлттық мәдени орталығының төрайымы Н.Шин «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасының маңыздылығы мен тиіміділігін әңгіме өзегіне айналдырып, осы жолда атқарылатын іс – шараларды бірлесе отырып, өткізуді ұсынды.
Іс – шара соңында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің аға кітапханашысы Р.Күздеубаева әдебиеттерге шолу жасаса, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Избасаров дөңгелек үстел жұмысын қорытындылады.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 05.04.2016 16:23
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1283
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3444
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20074
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271743

Серіктестер