Онлайн газет



КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Көктем шуағы еніп, жер сызы кетісімен, дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталады. Бұл — күзде орғанын кәдеге жаратқан егіншілердің тағы да қарбаласқа түсетін, қайнаған қызу еңбектің қызатын шағы. Егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға бағыт ұсталады.
Аудан аумағындағы агроқұрылымдардың көктемгі дала жұмыстарына дайындығы туралы аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бізге берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, ағымдағы жылы өңір аймағында жыртылатын жер көлемі – 19970 гектарды құрайды екен. 
Жалпы егістік жер көлемі - 56728 гектар болса, оның 56610 гектары игеріледі деп күтілуде.
Көктемгі дала жұмыстарына қолда бар және қажетті жанар-жағар май көлемі, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді операторлармен қамтамасыз ету мақсатында наурыз, сәуір, маусым айларына 650 тонна шамасында жанар-жағар май бөлініп,  «Тараз Петрол Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бекітіліпті.
Зауытпен жасалған келісім-шарт негізінде бүгінде 630,9 тонна дизель отыны жеткізілген. Литрі 90 теңгеге бағаланған дизель отынының қазіргі күні 24 тоннасы таратылған.
Ауыл шаруашылығы техникаларынан 215 дана трактор, 53 дана соқа, 28 дана дән сепкіш, 175 дана тырма, 5 дана тегістеуіш, 29 дана қопсытқыш, 8 дана сыдырғыш көктемгі дала жұмыстарына тартылған.
Осылайша, күн санап дала төсі қызу еңбектің дүбіріне толып, қат-қабат келген қалың жұмыстың сахнасына айналуда.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1946
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада4107
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20737
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272406

Серіктестер