Онлайн газет



ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау қызметі партия құрылған уақыттан бері өзіне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Бұл уақыт ішінде аудан тұрғындары өздерінің әлеуметтік, құқықтық, жеке мәселелерімен де қайырылып, партиядан көмек сұрады. Алғашқы уақыттарда қоғамдық қабылдауды партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары мен партияның аудандық мәслихаттағы депутаттары өткізетін. Халықтың мұң-мұқтажын тиісті орындарға жеткізіп, оның оң шешілуіне де осы депутаттар ықпал ететін. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі де аз болған жоқ, әрине.
Мәселен, соңғы үш жылда қоғамдық қабылдауға келушілердің де, шешілген мәселелердің де саны артқан. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауды бұрынғыдай депутаттар мен аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары ғана емес, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшылары да өткізетіні бұл бағыттағы жұмыстың жандана түсуіне сеп болды. Бұл тұрғындар мен басшылар арасында тікелей байланыс орнауына жол ашып, партияға деген халықтың сенімінің арта түскенін дәлелдеп отыр.
Жуырда "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінде аудан прокуроры, әділет кеңесшісі Нұрлан Асабаев пен "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Тлеповтер аудан тұрғындарымен өз өтініштері бойынша қабылдау жүргізді.
Аталған кездесуге аудан азаматтары өздерінің шағымдарын айтып, аудан прокурорынан тиісті жауаптарын алып, азаматтардың арыздарын қабылдады.
Мысалға осы қабылдауға келген Жетібай ауылының тұрғыны Шакир Юсубов қарыз ақшасын өндіре алмай жүргенін айтып шағымданса, сазтеректік тұрғын Хасен Айнакулов пен сарыкемерлік Болатбек Қасымбековтер халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы соттылығы бар жоғы туралы анықтама ала алмай жүргендерін жеткізді. Ал, сарыкемерлік тұрғын Кадели Тасбергенова жер телімін алудағы құжаттарының заңға сай келмеуін алға тартса, жетібайлық тұрғын Эльвира Шарапова Жетібайдағы Дачный массиві туралы өтінішін білдірді. Сондай-ақ Сарыкемер ауылының тұрғыны Мэлс Халбаев ауданның экологиялық жағдайына өз алаңдаушылығын жеткізді.
Қабылдауда әлеуметтік жағдайлар мен еңбек заңнамасы аясында аудан прокурорына бірнеше азаматтар келіп, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, көңілге қонарлық жауаптар алып ризашылықтарын білдірді.

Обновлено 31.03.2016 16:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1769
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3930
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20560
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272229

Серіктестер