Онлайн газет



Ауыл тынысы

Сарыкемер ауылдық округі

Сарыкемер орта мектебінде балалар мен жасөспірімдер орталығының мәдени іс-шара ұйымдастырушысы Н.Нұрбаевтың мұрындық болуымен И.Нүсіпбаевтің “Кел, шырқайық” ІІ аудандық байқауы өтті. Оған аудандағы 28 мектептен оқушылар қатысты.  Тартысты өткен жарыста орта топтар арасынан Дихан тірек мектебінің оқушысы А.Болатханова бас жүлдені жеңіп алса,  би билеуден осы білім ордасының “Нұршуақ” би тобы алдыңғылар қатарынан табылды. Ал, кіші топтар арасынан Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының оқушысы А.Амантай ең үздік атанды. Олар облыстық “Кел, шырқайық” байқауына жолдама алды.
*         *         *
№3 Байзақ колледжінде “Колледж аруы -2016” қыздар байқауы өткерілді. Аталмыш білім ордасының педагог-ұйымдастырушысы З.Молдабаевтың мұрындық болуымен өрбіген шарада қыздар өз-өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетті, сұрақтарға жауап берді, үйде орындаған тапсырмаларын көрсетті.
Қыздарға тән әдемілік пен әсемділік, қарапайымдылық һәм мейірімділік көрініс тапқан байқаудың бірінші орын иегері ТМ-02-14 тобының білімгеріГ.Куйчибаева атанса, АС-02-14 топтан М.Өскенбаева, ЕТ-02-14 топтан С.Исмагулова ІІ, ІІІ орындарды иемденді.

Үлгілі ауылдық округі

Үлгілі ауылдық округі әкімдігі және ауылдық клуб меңгерушісі М.Досмұратовтың ұйымдастыруымен “Аймақ аруы” байқауы өткізілді.  Байқауға алты ауылдық округтен арулар қатысып , барлығы 6 номинация бойынша бақтарын сынады. Таныстыру кезеңі бойынша арулар ата-тектерін айтса, екінші кезеңде өнерлерін, үшінші сында біліктілері тексеріліп, ұлттық салт-дәстүрлерімізден сауалдар қойылды. Қатысушы қыздар шаш сәндеу, сән үлгісін көрсету сынды сайыстардан өтті. Нәтижесінде Үлгілі ауылдық округінен Аршат Сапарғалиева “Аймақ аруы” атанды.

Ынтымақ ауылдық округі

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай “Қанағат” шаруа қожалығының төрағасы А.Садықов және “Нұрмағанбет” шаруа қожалығының төрағасы Ж.Есенбаевтың демеушілігімен Мәдімар ауылдық клубында “Асыл әже - ақ әже” атты әжелер сайысы ұйымдастырылды.
Көненің көзі, өмірдің өзі - ақ жаулықты аналар өнер көрсеткен сайыстың қорытындысында Сенай Смайлова бірінші орынды қанжығасына байласа, жүлделі екінші, үшінші орындарды Ұлтуар,  Қалиякүл әжейлер өзара бөлісті.  “Өнерлі әже”, “Шебер әже” номинацияларымен Күлсінкүл Жөтербаева, Айнақыз Аралбаева мадақталды.

Мырзатай ауылдық округі

Мырзатай ауылдық кітапханасында “Жастар біздің болашағымыз” атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны Мырзатай ауылдық кітапханасының қызметкері А.Ахметова жүргізді.  Ауыл әкімі Н.Абдуалиев жастар - болашағымыздың тірегі екендігін айтып, оларды Отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызын әңгімеледі. Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Р.Күздеубаева, Дихан-2 ауылдық кітапханасының меңгерушісі Н.Ағаділова Елбасының қолдауымен жастарға жасалып жатқан қамқорлықтарды тілге тиек етсе, жас маман И.Еркінбекова ҚР “Мемлекеттік жастар саясаты туралы” Заңын көпшілікке таныстырды. Тақырып төңірегінде өзге қатысушылар да ап көрмесі ұйымдастырылды.

Түймекент ауылдық округі

С.Сейфуллин орта мектебінде директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Исмаилов пен әлеуметтік-педагог О.Тоқтарбаеваның ұйытқы болуымен “Солақай ауру ма, әлде басқа қонған бақ па?” тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Аталмыш білім ордасының 8,9,10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысында оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстел барысында О.Тоқтарбаева мен Б.Исмаилов солақайлар туралы баяндама жасап, болған оқиғалар, олардың іс-әрекеттері туралы нақты дәлелдер келтірді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін279
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада4968
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21598
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273267

Серіктестер