Онлайн газет



«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» АУДАНДЫҚ ТУРНИРІ


2016 жылдың 24 наурызы күні Сарыкемер ауылындағы Ж.Үшкемпіров атындағы спорт залында қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған «Қазақстан Барысы» аудандық турнирі ұйымдастырылған болатын.
Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген турнирге абсолютті салмақта 16 палуан қатысып, өзара кездесу өткізді. Жарыс нәтижесі бойынша І-ші орынды Артықов Рыскелді (Сарыкемер), ІІ-ші орынды Райсов Медет (Бурыл), ІІІ-ші орынды Қашаев Қайрат (Түймекент) жеңіп алды.

 

ДОЙБЫ

Жуырда  оқушылар арасында  дойбыдан  облыстық  чемпионат болып өтті. Қаратау қаласында жалауын желбіреткен чемпионат  нәтижесінде ұлдар арасында  І орын Қостөбе орта мектебінің 10-сынып оқушысы Серікбаев Абзал, жүлделі екінші орынды  Чапаев орта мектебінің 8-сынып оқушысы Қиялбек Дәулет иеленді. Қыздар арасында Ғани Мұратбаев мектеп- гимназиясының  8-сынып оқушысы Джаулыбаева Айгүл, М.Әуезов орта мектебінің 8-сынып оқушысы Рысбаева Құндыз екінші орынды иеленді.


Сонымен бірге, облыс  әкімдігі білім басқармасының «Ғылыми –тәжірибелік дене шынықтыру орталығы» ұйымдастыруымен Қаратау қаласында өткен  1999-2000 жылы туылған мектеп пен колледж оқушылары арасындағы Жамбыл облысының VІІІ-жазғы Спартакиадасына байзақтық оқушылар барып, команда бойынша екінші орынды иеленіп қайтты. Осы Байзақ ауданы бойынша «Дойбы» ойынын дамытып тізгіндеп жүрген Қостөбе орта мектебінің жоғарғы санаттағы  мұғалімі Бекайдаров Алимұхамед пен Чапаев орта мектебінің бірінші санаттағы мұғалімі Уалиев Нұрболдың еңбектерін айта кеткен жөн.


ТАЭКВОНДО WTF


Сарыкемер ауылындағы Ж.Үшкемпіров атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен 2002-2004 жылдары туылған кадеттер арасындағы таэквондо WTF жекпе-жегінен Жамбыл облысы біріншілігі болып өтті.
Жарысқа қатысқан Тараз қаласы, Талас, Шу, Байзақ аудандарынан барлығы – 4 командада 145 спортшы 10 төреші 20 салмақ дәрежесінде таэквондошылар қатысып өзара күш сынасты.
Турнирдің бас төрешісі Н.Есілбаевтың төрелігімен өткен жарыс қорытындысында спортшылар Сайткулов Бекзат, Халилов Сейфадин, Абдрахманов Даниль, Базарбаева Гүлданалар жүлделі екінші орынды, спортшылар Судраб Альфред, Азизов Асылбек, Жарбулов Мөлдір, Мейірашбекова Назерке, Азатова Махаббат, Жумабаева Аягөз, Шаймахамбетова Карима, Тұрсынбаева Талшын, Махатаева Айнұрлар жүлделі үшінші орынды қанжығаларына байлады.


ҚОЛ КҮРЕСІ мен КІР ТАСЫН КӨТЕРУ


Өткен аптада Н.Киікбаев орта мектебінің спорт залында облыстық деңгейде қол күресі мен кір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Облыс аумағындағы сегіз ауданнан жиылған ұлдар мен қыздар арасында өткен бәсекеде жарыс қатысушылары өзара кім мықтыны анықтады.


Жарыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте байзақтық спортшылар (команда жетекшісі И.Жансақалов) бірінші орынды, Т.Рысқұлов ауданының құрамасы екінші және Тараз қаласынан келген қара күш иелері жүлделі үшінші орынды иеленді.
М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 31.03.2016 16:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2210
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада4371
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21001
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272670

Серіктестер