Онлайн газет



ОБЛЫС БАСШЫСЫ АУДАНЫМЫЗДА

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Кейінгі жылдары облысымызда жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Әсіресе, қыс пен көктем айларында көкөніспен тұрғындарды тұрақты қамтуда осы жылыжайлардың алар орны орасан.  Бұл тұрғыда байзақтық шаруалар да тыс қалмай, өзіндік үлестерін қосуда.
Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, өткен жылы аудан аумағындағы  жылыжайларда қысқы-көктемгі І-ші кезеңге және күзгі-қысқы ІІ-ші кезеңге көкөністер егу жұмыстары жүргізіліп, «Манат» шаруа қожалығы - 1,0 гектар қияр, «Талап» шаруа қожалығы - 2,5 гектар қияр, «Ақжар» шаруа қожалығы - 0,1670 гектар қияр, сонымен қатар, осы жылы жаңадан іске қосылған «Серік» шаруа қожалығы - 0,62 гектар қызанақ, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті - 0,10 гектар қияр және «Ұлан» шаруа қожалығы - 0,57 гектарға қияр мен қызанақ егіп, өнім алған.
Өткен аптада облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев іссапармен ауданымызға келіп, мұндағы бірқатар жылыжай кешендерінің жұмысымен танысып қайтқан болатын. Қазір көкөніс кешендерінде өнім жинау жұмыстары жүргізілуде.
Аймақ басшысы алдымен Қостөбе ауылдық округіндегі «Серік» шаруа қожалығының жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Жоба құны 70 млн. теңгеге бағаланған жылыжайдың көлемі 0,62 га жерге орналасқан.  Шаруа қожалығы биылғы жылға бірінші өнімін жинап алуда. Шаруа күніне 700 келi өнiм алады. Мұнда он адам жұмыспен қамтылған.  Өсірілген қияр коммуналдық базарларға, сауда орындарға 400 теңгеден сатылуда.
-Көктем мезгілінде көкөніс бағасының қымбаттайтынын білеміз. Өйткені  қияр да, қызанақ та көрші елдерден тасымалданатын. Ал, қазір мына жылыжайлардағы өнім сауда орындарына өткерілуде. Бұл бағаның тұрақты болуына әсер етіп қоймай, өзіміздің өнімді тұтынуымызға да септігін тигізуде. Мұндай жылыжайлардың қатарын көбейте беру керек,-деді облыс басшысы.
Бұдан соң облыс әкімі М.Фазулов жетекшілік ететін "Талап" шаруа қожалығында болды. Аталған қожалық бірнеше жыл бойы сапалы және үздік нәтиже көрсетіп келеді. Үстіміздегі жылғы 10 қаңтарда егілген қиярдың шығымы жақсы. Арнайы жас маман жылыжай жұмысын жандандыруға өз септігін тигізіп отыр екен. Бір қорапқа салынған қиярдың салмағы 16 келі тартады. Шаруа М.Фазулов тамшылатып суару технологиясына 45 млн. теңге қаражат жұмсап отырғанын алға тартып, облыс әкіміне өңірімізге тиесілі басты дақылдың бірі саналатын қант қызылшасы алқаптарына электр желілерін тартуға көмектесуін сұранды. Жылыжайдағы қиярдың өнімділігін көрген облыс басшысы шаруа қожалық басшысына ризашылығын білдіріп, оның өтініші бойынша орынбасары А.Нұралиевке тиісті тапсырмалар берді.
Өңірде жылыжаймен айналысушылармен жұмыс жүргізудің жүйелі тетігі құрылған. Мұнда бюджет есебінен шаруа қожалықтарына субсидия беріледі, ал кәсіпкерлер өз өнімін аймақтағы коммуналдық базарлар мен сауда нүктелерінде қолжетімді бағамен делдалсыз сатуға мүмкіндігі бар.
Кәрім Нәсбекұлының келесі атбасын тіреген нысаны «Манат» шаруа қожалығының жылыжайы болды. 1 гектар жерге орналастырылған кешенде бүгінде қияр өсірілуде. Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда егілген жылыжайда әр секцияға бөлінген он адам жұмыспен қамтылыпты. Жалақылары 60-70 мың теңге көлемінде.
-Қазір жылыжайда қиярдың екі түрі, «Шотыр» мен «Рава» өсіріліп, тұтынушыларға ұсынылуда. Күн сайын жиналған қияр арнайы 10 келілік қорапқа салынып, келісін 400 теңгеден көтерме бағамен өткеріп жатырмыз,-деді шаруа қожалық иесі. Осылайша аудандағы үш бірдей жылыжайдың жұмыстарымен танысқан облыс әкімі байзақтық шаруалардың ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Обновлено 29.03.2016 15:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1692
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3853
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20483
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272152

Серіктестер