Онлайн газет



Саяси кеңестің Бюро мәжілісі

Б.Жақсымбетов,
“Ауыл жаңалығы”.

Аптаның бейсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюро мәжілісінің отырысы болып өтті. Отырысты аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Шүкеев ашып, жүргізіп отырды.
Аталмыш мәжілістің күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясының аудандық  мәслихаттағы депутаттық фракциясын құру және оның басшысына, аудандық мәслихаттың хатшысы мен аудандық мәслихат тұрақты  комиссияларының төрағалығына кандидатуралар ұсыну туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты Саяси кеңестің Бюро мүшелері өз ұсыныстарын жеткізді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңның 21-2 бабына және «Нұр Отан» партиясы Жарғысының 7.1 бабына сәйкес, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясын құру және оның басшысын сайлау, аудандық мәслихаттың басшылығы мен құрылымдарының жетекшілігіне партия мүшелерін бекіту мақсатында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен «Нұр Отан» партиясының Байзақ аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясын құру, партия аудандық филиалы депутаттық фракциясының басшысы лауазымына аудандық жарық жүйелерін тарату мекемесінің басшысы Р.Сәрсеновтің, Байзақ аудандық  мәслихаты хатшысы лауазымына партия мүшесі Н.Тлеповтің кандидатурасын ұсыну, аудандық мәслихаттың “Аумақтық экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері   және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау” жөніндегі тұрақты  комиссиясының төрағалығына партия мүшесі А.Жәмішжановтің,  “Экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік  қорғау мәселелері” жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы лауазымына партия мүшесі Г.Туралиеваның, сондай-ақ “Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі және спорт мәселелері” жөніндегі тұрақты комиссияның  төрағасы лауазымына партия мүшесі Р.Сапарбековтің кандидатуралары ұсынылды.
Отырыс соңында аталмыш қаулыны VI шақырылған аудандық мәслихат депутаттарының назарына жеткізу «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюросына жүктелді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін301
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада4990
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21620
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273289

Серіктестер