Онлайн газет



МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ САЙЛАНДЫ

Үстіміздегі жылдың 20 наурызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және жергілікті мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауында Байзақ аудандық мәслихатының депутаттары сайланған болатын. Осыған орай, аптаның бейсенбісі күні алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясының отырысы болып өтті. Аталмыш шақырылымның бірінші сессиясында аудандық мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияларының мүшелері мен оның төрағалары сайланды.
Сессия жұмысы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Абдан Төлепбергеновтің  2016 жылы 20 наурызда өткен  сайлаудың қорытындылары туралы хабарламасымен басталды.
Бұдан кейін сессия жұмысына төрағалық етуге №9 сайлау округінен депутат Рыскелді Молдебеков сайланып, сессия жұмысын одан әрі жалғады. Сессия жұмысының күн тәртібіне төрт мәселе ұсынылды.


Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге орай, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының 2016 жылғы 24 наурыздағы қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат хатшысы лауазымына Тлепов Нұржан Сейдазымұлының кандидатурасы ұсынылды. Мәслихат депутаттарының ашық түрде дауысқа салуы арқылы аудандық мәслихаттың хатшысы болып Нұржан Тлепов бірауыздан сайланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге байланысты мәслихаттың жаңа сайланған депутаттарынан үш тұрақты комиссия құрылды. «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссияны №10 сайлау округінен депутат Алтынбек Жамишжанов, «Экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияны №7 сайлау округінен депутат Гаухар Туралиева, «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі мен спорт мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияны №9 сайлау округінен депутат Рыскелді Сапарбеков басқаратын болды.
Сонымен қатар, сессия күн тәртібіндегі үшінші және төртінші мәселеге қатысты «Нұр Отан» партиясының мәслихаттағы Байзақ аудандық депутаттық фракциясы құрылып, аталмыш фракция жетекшілігіне Рабат Сарсенов бірауыздан сайланды.
Сессия жұмысына аудан әкімі Мұратхан Шүкеев және оның орынбасарлары қатысып отырды. Сондай-ақ алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың кезекті екінші сессиясының төрағасы болып №1 сайлау округінен депутат Әшім Шыңғыс сайланды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 29.03.2016 15:46
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1796
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3957
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20587
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272256

Серіктестер