Онлайн газет



Үш тұғырлы тіл - ұлы мақсатқа жеткізеді

C.Жұмабек,
“Қазақстан-Тараз” телеарнасының Байзақ ауданындағы меншікті тілшісі.

Қазақстан Республикасының  Президенті   Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы  туралы ойды алғаш  рет 2006 жылы Қазақстан  халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі  жаңа  Қазақстан» Жолдамасында Елбасы «Тілдердің үш  тұғырлығы» -«Триединство языков» мәдени  жобасын кезеңдеп іске  асыруды ұсынды.
Бүкіл  қоғамымызды  топтастырып отырған мемлекеттік  тіл ретінде қазақ тілін  оқыту сапасын  арттыру қажеттігіне ерекше  назар  аударғым  келеді» деп  атап  өтті. Тілдердің  үщ  тұғырлығы  идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын  берген.
Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Қазақ тілі-мемлекеттік   тіл, мемлекттік тіл - мемлекет құрушы ұлттық тіл, орыс  тілі – ұлтаралық   қатынас  тілі, оны білу  ұлы байлық, ал  ағылшын  тілі – жаһандық   экономикаға ойдағыдай  кірігу  тілі. Ағылшын  тілі ілгерілеушілік пен  технологиялардың тілі  болғандықтан біз оны  үйренуге тиіспіз деген болатын өз Жолдауында.
Байзақ ауданында да үш тілді толық меңгерген азаматар аз емес. Солардың бірі Байзақ ауданының тумасы Диас Шаухаров үш тілді бітік меңгерген азамат.
Ол 1989 жылы қаңтар айының 15 күні Сарыкемер аулында дүниеге келген. Ал, 1996 жылы Ғани Мұратбаев мектеп-гимназиясының бірінші сыныбына қабылданып, аталған оқу орнын 2007 жылы бітіріп, сол жылы арман қуып Алматы қаласындағы Қ.Сатпаев атындағы қазақ ұлттық политехникалық университетіне “математикалық және компьютерлік модельдеу” мамандығына 1 курсқа түсіп, аталған университетті 2011 жылы үздік бітіреді.  Диас сонымен қатар, 2008 жылы мұхит асып АҚШ-тың Мисури штатына тіл үйрену үшін студенттік тәжірибе алмасу Work And Travel USA бағдарламасымен 3 айлық тәжирибеден өтіп келді. Ал 2012 жылы Тараз қаласындағы “Сенім” баспаханасында бағдарламалаушы қызметін 2 жыл көлемінде атқарған. Жігітке жеті өнерде аз демекші, спорттық салада да көрсеткіштері көп.
Атап айтқанда, 2014 жылы Шымкент қаласында Тұрар Рысқұловтың 120 жылдық  мерейтойының және Оңтүстік Қазақстан газетінің 90 жылдығына арналған кіші футболдан 1 орын иеленді. Сондай-ақ,  2015 жылы Орал қаласында өткен Сейдахмет Бердіқұловқа арналған БАҚ өкілдері арасында 4 жылда бір өтетін республикалық спартакиадада 50 метр қашықтықта суға жүзуден 1 орын иеленген. Қазіргі таңда, Тараз Мемлекеттік Университетінің  медиа-қызмет бөлімінде веб-бағдарламаушы қызметін атқаруда.
Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында жастарды назарынан тыс қалдырған емес, ертеңгі елдің болашағы бүгінгі жастар деген болатын.Армандары асқақ жастарымыздың әліде бағындырар белестері алда.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін401
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада5090
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21720
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273389

Серіктестер