Онлайн газет



Ұлы істерге жұмылдыруда

Г. Ибрайханова,
Байзақ аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Біз – азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт» деп атап көрсеткен болатын.
Үстіміздегі жылы  ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Айтулы шараның ел өмірінде алатын орны  өзгеше. Өйткені тәуелсіздікті ата-балаларымыз ғасырлар бойы аңсады, сол жолда талмай күресті. 1991 жылдың 16 желтоқсанында еліміз  тәуелсіз ел ретінде әлемге танылып, бүгінде әлемдік қауымдастықтан ойып орын алуына Елбасының  сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
“Біздің аталарымыз қазіргі Қазақстандай ұлан байтақ елді, өзіндік мәдениет және ерекше асқақ рух пен танымды қорғады және бізге мұра етіп қалдырды.
Менің кезімдегі ұрпаққа тәуелсіз Қазақстанды құруды алға қоя отырып, ел тағдырын сеніп тапсырды. Бұл қиын әрі тарихи жауапты міндет болатын, біз оны орындадық” деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, бүгінде еліміз өтпелі кезеңнен сүрінбей өтіп, дамудың даңғыл жолына түсті. Алдыда тұрған  бсты міндет-дамыған озық 30 елдің қатарына кіру мен “Мәңгілік ел” идеясын іске асыру міндеті тұр.
“100 нақты қадам-Ұлт жоспарында да ел тәуелсіздігін көздің қарашығындай сақтап,  ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды екендігі айтылған. Сондықтан  әлемдік дағдарыс кезінде тәуелсіздікті тұғырлы ете отырып, жастар бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымызды саралай отырып,  Жолдау мен Ұлт жоспарындағы    басым бағыттарды іске асырудың маңызы зор деп білемін.
Тәуелсіздік-халқымыздың басына қонған бақ. Қазақта «Бақ қайда барасың? Ынтымақ пен бірлікке барамын» – деген даналы сөз бар. Сол ынтымақ бен бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді қадірлеп, қастерлей білейік. Өйткені тәуелсіздіктен қымбат ештеңе жоқ, оның қадірі еш нәрсемен өлшенбейді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін770
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2931
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19561
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271230

Серіктестер