Онлайн газет



Отан отбасынан басталады

А. Башенова,
ЖД 158/5 мекемесінің әдіскері.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған Ұлт жоспарындағы 5 институттық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадамның» 85-қадамында «Мәңгілік Ел патриоттық актісі жобасын әзірлеу» атап көрсетілсе, 86-қадамында бүгінгі ұлтаралық татулықтың ұйытқысы болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына «Үлкен ел – Үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және оны жүзеге асыру жүктелген. Еліміздің болашағы – халқымыздың біртектілігі мен бірлігінде және қазақстандықтардың тату-тәтті тұрмыс кешуі мен ортақ Отанымыздың кемелденіп, саяси тұрақтылықтың орныға түсуі – ел болашағының кепілі екендігі айдан анық.
«Үлкен ел – үлкен отбасы» саналатын Отанымызда тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың дамуы мен өркендеуіне  барлық жағдай жасалған. Мәселен, Алғыс айту мен Ұлыстың ұлы күнінде, 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі секілді  басқа да мерейлі мерекелерде  қазақ жерін мекен ететін барлық ұлт өкілдерінің бір-біріне бауырмалдығы мен салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып келеді. Сондықтан  Мәңгілік Елдің ұрпағы-бүгінгі жастар отбасылық құндылықтарға құрметпен қарап,  ұлы татулықты ұлықтап, қуатты мемлекет құруға өздерінің білімдерін, күш-жігерлерін жұмсауда.Жалпы Елбасымыздың көрегенділікпен жүргізіп отырған саясатының арқасында елімізді мекен еткен сан ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті  өмір сүріп жатыр.
Отан-отбасынан басталады. Ұлтаралық келісім мен татулық-біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Сондықтан  баршамыз достықты қадірлеп, ел бірлігін  биік қойып,  еліміздің одан әрі көркейіп, өсуі үшін еңбектенуіміздің маңызы зор деп білемін.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін415
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2576
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19206
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270875

Серіктестер