Онлайн газет



ЖЕҢІМПАЗДАР ФОРУМЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Ел тарихындағы есте қалар сәттердің біріне саналатын - Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және жергілікті мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы ауданымызда да халықтың қолдауымен жоғары белсенділікпен ұйымдастырылған болатын. Бұл күні аудан тұрғындары өз құқықтарына үлкен жауапкершілікпен қарап, таңдауларын жасады.

Таңдау қорытындысында еліміздегі бас партия «Нұр Отан» партиясының айқын басымдылығымен жеңіске жеткендігі белгілі болды. Осыған орай, кеше, Сарыкемер ауылындағы орталық алаңда «Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық!» атты жеңімпаздар форумы болып өтті.
«Атамекен» әнінің әуенімен сахна төріне көтерілген «Нұр Отан»партиясының аудандық сайлауалды штаб мүшелері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат болып, жеңіске жеткен халық қалаулылары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан орталығындағы этномәдени орталықтардың жетекшілері бар топты жасотандықтардың «Алға, «Нұр Отан!», «Алға, Қазақстан!» деген ұранды сөздері демеп жіберді.


Сән-салтанаты жарасқан, қолдарына «Нұр Отан» партиясының логотипі бейнеленген жалаулар мен жалаушалар ұстаған, көтеріңкі көңіл күймен форумға жиналғандар алдында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратхан Шүкеев құттықтау сөз сөйледі.
Еліміздегі саяси сәт сайлау күнінде аудан тұрғындарының белсенділік танытқандығы, демократиялық құқықтарын білдіріп, өз таңдауларын жасағандығы, соның нәтижесінде «Нұр Отан» партиясының айқын басымдылықпен жеңіске жеткенін зор ықыласпен жеткізіп, өзінің жүрекжарды мерекелік лебізін де білдірді. Ал, ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері Рәш Шәметов, «Нұр Отан» партиясы аудандық сайлауалды штабының мүшесі Мәкен Тұрмаханбетова, партияның сенімді өкілі, «Ақжар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ержан Әбілдаевтар ретімен сөз кезегін алып, ел қамын ойлар көшбасшы партияға сенім білдірген форум қатысушыларын жеңістерімен құттықтады.
Форум барысында аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындауында «Қазақ елі», «Мақтанышым Отаным» атты патриоттық әндер шырқалды.

Обновлено 25.03.2016 15:58
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1923
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада4084
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20714
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272383

Серіктестер