Онлайн газет



Cайлаушылар пікірі

2016 жылдың 20 наурызы күні  Елбасының Жарлығымен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы өткені белгілі.
Ел өміріндегі ерекше оқиға – сайлауға әдеттегідей байзақтықтар да барынша белсенді қатысты. Көктемнің жаймашуақ күнінде тұрғылықты жерлеріндегі сайлау учаскелеріне

де қарай ассыққан тұрғындар өз таңдауын жасады. Сайлауға Қызыл жұлдыз, Бурыл, Көктал ауылдық округтерінің тұрғындары ұйымшылдықпен келді.
Аталмыш елдімекендерде осы күні таңғы сағат  7.00-ден бастап әсерлі әдемі әндер шырқалып, сайлау учаскелеріне біріншілер қатарында келген азаматтарға сыйлықтар берілді. Ендеше сайлаушылар пікіріне назар аударалық:

Мәрзия Ибрагимова,
Еңбек Ері, Қызыл жұлдыз ауылы.
Аллаға тәубе, қазақ елі тәуелсіздік алғалы бері алға басып келеді. Қай салада болмасын ілгерілеушіліктер бар екені де белгілі. Бұл жолға оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Ата-бабаларымыз талай нәубәтті басынан өткерді ғой. Әсіресе, аш-жалаңаш, бір үзім нан таппаған кездер болғанын ойласам, бүгінгі бейбіт заманға шүкір етемін. Мені, еңбек ардагері ретінде ауылшаруашылығы саласындағы ілгерілеушіліктер қуантады, ана мен балаға да қамқорлық жетерліктей. Осындай тыныш күнде елдік маңызы зор сайлаудың да ұйымшылдықпен өткені талайлар тамсанатын татулық пен бірлігімізді байқатты.
Бүгінде жасым тоқсаннан асса, өмірімде талай сайлауды көргенім рас. Деседе, жылдан-жылға халықтың бұл мәселеге көзқарасы  оң екені байқалып, үлкен-кіші саяси науқанға ерекше көңіл-күймен қатысуда. Міне, бұл сайлауда да осындай жағдайдың куәсі болдым. Балаларымның, немерелерімнің жарқын болашақ үшін дауыс беріп жатқанын көріп, көзіме жас алдым.
Әсіресе, кеште, сағат 22.00-де сайлау қорытындысы жарияланғанда, қашанда халық қамын ойлайтын, Елбасы саясатын ұстанған “Нұр Отанның” жеңіске жеткенін естіп, қуанып жатырмын.

Жамисар Гулахметов,
Бурыл ауылы мешітінің шырақшысы.
Жүз қырықтан аса ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары тату-тәтті тірлік кешкен сүйікті Отанымыз – Қазақстанда құдайға шүкір тұрақтылық сақталған. Мұны 20-шы наурыз күні өткізілген сайлау барысында да анық байқадық. Көп ұлтты, ынтымағы ұйыған Бурыл елдіменінде де бұл сайлауға қатысушылардың қарасы көп болды. Тұрғындар жанұяларымен келіп, өз дауыстарын беріп жатты. Әрине мен де осынау маңызды оқиғадан тыс қалмадым. Сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасадым. Қалай айтқанда да Ұлыстың ұлы күні алдындағы осынау ұлы шараның өткізілу барысы халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын.

Зиятхан Рысбеков,
Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп интернатының білімгері. Көктал ауылының тұрғыны.
Тарих беттеріне тағы бір күн - үстіміздегі жылдың 20 наурызында өткерілген ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауы алтын әріптермен жазылатын болды. Осынау маңызды оқиғаға мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алғаш рет қатысып отырмын. Өзім туып-өскен өлке Көктал ауылындағы №135 сайлау учаскесіне жеке куәлігімді алып барып, алдын ала баспасөз беттерінен өмірдерегін оқып-білген, ертеңімізді сеніп тапсыратын үміткерге дауысымды бердім.
Мен үшін бұл сайлау ерекше есімде қалатын болды. Учаскедегі тазалық, тәртіп барынша көңілімнен шықты. Әрі әділ өтті деп ойлаймын.

 

Обновлено 18.04.2016 10:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін406
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2567
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19197
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270866

Серіктестер