Онлайн газет



Көктем

Е.Тазабеков,
Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты.

Тамылжып тағы келдің бе,
Көк көмкерген көктемім.
Қызылға бояп бердің бе,
Қырлардың күнгей бөктерін.

Жан-жақтың аң мен құсына,
Біздің жақ қорған қорегі.
Біз жақтың ылғи қысы да,
Көктемге ұқсас келеді.

Биылда қарсыз қыс өтті,
Ақпанда аймақ көгерді.
Сусырап, құрғап түз кетті,
Аямай нөсер төк енді.

Қыс жайлы емес бәріне,
Табиғат заңы дұрыс та.
Кенелсін көктем әніне,
Солтүстік, батыс, шығыста.

 

 

Наурыз

Г. Қабылбекова,
8-сынып оқушысы.
Мырзатай ауылы.

Келді міне, әз Наурыз аңсаған,
Қуанулы үлкен-кіші барша жан.
Адам біткен қос-қабақтан ұғыспақ,
Бір-біріне тілесумен ырыс, бақ.

Шынында да бұл ғажайып мереке,
Кең даланы жайлап алды береке.
Қызар шағы нағыз еңбек, жұмыстың,
Әз Наурыз, оңынан кел, Ұлыс күн!

Тіршіліктің әуелесін наз әні.
Әрбір үйдің ортаймасын қазаны.
Бағы жанып дәстүрім мен салтымның,
Шуағыңды төге бергін жарқын күн!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін230
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2391
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19021
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270690

Серіктестер