Онлайн газет



Өзекті мәселеге арналды

Жақында Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының Байзақ ауданындағы филиалы бірлесіп форум өткізді.
Форумда сөз алған Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының Байзақ ауданындағы филиалының директоры Д.Нұралиев кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау мен «Бизнестің жол картасы» аясында атқарылып жатқан сервистік көмек жайлы айтып берді. Бұдан соң жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қате төленген соманы қайтару және артық соманы есепке жатқызу туралы Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының есептеу, талдау және жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы С.Кенжебаева баяндап жасады. Баяндамашы 2016 жылдан бастап салық Кодексінің 155, 156 баптарына енгізілген өзгерістер туралы, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың есептеу, төлеу тәртібін айтып өтті. Сонымен қатар қате төленген соманы қайтару, артық соманы есепке жатқызу тәртібін толық түсіндіріп, салық төлеушілерден түскен сұрақтарға тыңғылықты жауап берді.
Меншікке салынатын салықтар бойынша Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Ж.Абдуалиева да ақпарат берді. Ол негізінен заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне, жеріне салынатын салық, жеке тұлғалардың мүлкіне жері мен көлікке салынатын салықтар бойынша 2016 жылдан енген өзгерістер жайын сөз етті. Атап айтқанда, Салық кодексінің 365, 366, 368, 369 баптарына, сонымен қатар бюджетке төленетін төлемдер мен алымдарға енгізілген өзгерістерді атап өте келе, оларды есептеу және төлену тәртібін түсіндірді.
Камералдық бақылау туралы Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы Э.Мамраимова баяндады. Камералдық бақылау – салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ, салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізіндегі салық органдары жүзеге асыратын бақылау екенін, камералдық бақылау қателерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатынын, камералдық бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айтып өтті.
Форум жұмысын қорытқан Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Аскарова алқалы жиында көтерілген мәселелердің маңызына, форумның екі жаққа берген пайдасын атап өтті.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін661
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2822
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19452
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271121

Серіктестер