Онлайн газет



БІЗДІҢ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫМЫЗ


А.Шотбасова,
“Ауыл жаңалығы”.

ҚАЗАҚ ҮШІН ОТБАСЫНЫҢ ОРНЫ ҚАШАНДА БӨЛЕК БОЛҒАН. ӨЙТКЕНІ ОТБАСЫ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ ҰЖЫМЫ САНАЛҒАН. АЛ, ҰРПАҚТЫҢ ҰҚЫПТЫ БОЛЫП ӨСУІ ҚОҒАМ ҮШІН ҮЛКЕН МАҢЫЗҒА ИЕ.
БІЗДІҢ АРАМЫЗДА ҮЛГІЛІ ОТБАСЫЛАР ЖЕТЕРЛІКТЕЙ. ҰЛАҒАТТЫ ҰЛ-ҚЫЗ ӨСІРІП, ӨЗГЕЛЕРГЕ ӨНЕГЕ БОЛЫП ЖҮРГЕН ЖАНҰЯЛАРДЫҢ БІРІ ДЕП - САРЫКЕМЕР АУЫЛЫНДА ТҰРАТЫН АСАНОВТАРДЫ АЙТА АЛАМЫЗ. ОТАҒАСЫ БИСЕН МЕН ОТАНАСЫ ЗАҒИПА ОРТА ЖАСТА БОЛҒАНДАРЫМЕН, БҮГІНГЕ ДЕЙІНГІ БАР БІЛГЕН-ТҮЙГЕНДЕРІН БАЛАЛАРЫНА ҮЙРЕТІП, ОНЫСЫНАН НӘТИЖЕ ДЕ КӨРІП КЕЛЕДІ.

Жақында Асановтар жанұясы Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің 6 сыныптарында ұйымдастырылған «Біздің үлгілі отбасымыз» байқауына қатысып, ондағы 5 жұптың ішінен ең үздік деп танылды. Айтса айтқандай, жарыста бұл жанұяға тең келер ешкім болмады. Байқаудың басты талаптары - таныстыру, өз өнерін көрсету және қолөнер  сайыстарында Бисен мен Зағипа және олардың 6 «ә» сыныбында оқитын егіз ұл-қыздары Ерхат пен Гүлзат ерекше өнерлерін көрсетіп, елдің ыстық ықыласына бөленді. Ең алдымен жанұя таныстырылымында мәнерлі өлең оқылса, өз өнерін көрсетуде анасы Зағипа мен қызы Гүлзат испан биін мың бұрала билеп, үлкен-кішіні таңқалдырды. Ал, әкесі Бисен мен Ерхат  өздері қолдан салған тамаша туындыларын көрсетсе, қолөнер жасау сынында үйден тәтті торт пісіріп әкелді. Осылайша бұл жанұя байқаудың бас жүлдесін ұтып алып, бағалы сыйлықпен марапатталды.
Айта кетерлік тағы бір жәйт, бұл отбасында бүгінде аталмыш егіз балалардан бөлек Гүлнұр, Балнұр, Асхат есімді ұл-қыздар өсіп келеді. Гүлнұр мен Балнұр, бірі Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмәмдап, еңбек етіп жатса, екіншісі жоғары оқу орнында психология мамандығы бойынша оқиды. Ал, Асхат Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы. Демек, Асановтар – үлгілі жанұя болумен қатар, жас көп балалы отбасы.
Кезінде өңіріміздегі №28349 әскери бөлімінде елеулі еңбек етіп, бүгінде еңбек демалысына шыққан Бейсен мен  орталықтағы «Балдырған» балабақшасында тәрбиеші болып жүрген Зағипа үшін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ең ерекше мейрам. «Себебі бұл мерекеде барлық ұлттық құндылықтар ұлықталып, үлкен-кіші, жалпы барлық жанұя құрамы бір дастархан басына жиналып, тәтті наурызкөже дәмін татады. Біз де қалыптасқан дәстүрге сай жыл сайын дәмі тіл үйірер наурызкөжені дайындап, ұл-қыздарымызға оның пайдасын, Наурызтойдың игілігін түсіндіріп отырамыз» дейді аяулы ана. Міне, біздің үлгілі отбасымыз осындай!

Обновлено 21.03.2016 11:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін70
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада4759
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21389
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273058

Серіктестер