Онлайн газет



Ауыл шаруашылығы өнімдері мол болды

Қазіргідей күрделі кезеңде  аудан халқын  сапалы, арзан азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында әрі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданда аудан орталығы Сарыкемер ауылында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Өткен аптаның сенбісінде аудан орталығында өткен жәрмеңке сөрелеріне 18 ауылдық округтерінен  әкелінген азық-түлік өнімдері молынан  қойылды.
Сағат 10.00-де басталған жәрмеңкені аудан әкімінің орынбасары Д.Сұлтанбеков бастаған бір топ азаматтар   аралап, көпшілікке ұсынылған өнімдердің бағасымен танысты.
Жәрмеңкеге шығарылған өнімдердің бағасы базардағымен салыстырғанда төмен бағаға ұсынылды. Нақты атап айтар болсақ,   жылқы етінің  келісі 1100 теңге,   қазы мен жаяның бір келісі 1300 теңге,  пияз 30 теңге, картоп 50 теңге, сәбіз 50 теңге, қырыққабат 50 теңгеге сатылды. Шұжықтар 700-800 теңге аралығында болса, сиыр, қой етінің бір келісі 900-1000 теңге арасында саудаланды. Жұмыртқаның ондығы 200 теңгеден қойылыпты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде  Бәйтерек және Ботамойнақ, Жаңатұрмыс, Суханбаев ауылдық округтері- жылқы, сиыр еттерін, ал Ынтымақ, Сазтерек, Көптерек, Темірбек, Түймекент ауылдық округтері- қой еттерін, Дихан, Көптерек, Темірбек ауылдық округтері- қымыз,  шұбат, Сарыкемер, Бурыл ауылдық округтерінен әкелінген қап-қап картоп,  балық өнімдері тез арада сатылып кетті. Қостөбе ауылдық округіндегі “Молочный бидончик” ЖШС-нің сүт  өнімдерін,  яғни  айран, қаймақ, ірімшік, брынза арзан бағамен ұсынылды.  Қызыл жұлдыз ауылындағы “Rоllа-7” ЖШС-нің макарон өнімдеріне деген сұраныс айрықша болды. Көкөніс, жеміс-жидектердің  түр-түрі, жемнің түрлерімен қатар сойыс малдары саудаға түсті.
Сауда алаңында, сондай-ақ шағын концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды. Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің  әншілері көрермендерді құлақтың құрышын қандырар әсем сазбен баурай білді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 18.03.2016 18:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1093
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада5782
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22412
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274081

Серіктестер