Онлайн газет



Кәсіпкерлер білімдерін жетілдірді

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша білімдерін жетілдіріп, ел игілігі үшін жасалған бағдарламаның жемісін көремін деушілерге мамандар тарапынан дәріс беру, мемлекеттік бағдарламалар негізінде кәсіпкерлікті қолдау шаралары, несиелеу, кәсіпкерліктің заңдық және экономикалық аспектілері туралы кеңінен мәлімет беру мақсатында облыстың аудандарында «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында «Кәсіпкерліктің жедел курстары» жүргізілуде.
Осындай аталмыш жедел курстар жуырда Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Байзақ ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен болып өтті.
Негізінен кәсіпкерлікті жаңадан бастаған және қазіргі күні жұмыстарын жүргізіп жатқан аудан кәсіпкерлеріне арналған дәріс сабақтарына қырықтан астам кәсіпкерлер қатысып, біліктілігін арттырды.
Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының аумақтық филиалының кәсіпқой дәріскерлері, бизнес-жаттықтырушысы Ж.Сыдыманов пен Г.Метерова қысқа мерзімді курсты оқыту барысында тыңдаушыларға курс негіздері бойынша оқу материалдарымен кәсіпкерлік қызметті жүргізу, құжаттардың стандартты пакеттері, оның ішінде, үлгілер алуға арналған құжаттарды қаржыландыру, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері, бизнес саласындағы халықаралық тәжірибе туралы инновацияларды енгізу, сондай-ақ жинақтар, идеялар құру және шағын кәсіпкерлік тұрғысында көптеген әдістемелік нұсқаулықтарды меңгертті.
Екі күнге созылған курстық сабақ соңында Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасы Байзақ ауданындағы филиалының директоры Д.Нұралиев сөз сөйлеп, аудан кәсіпкерлерінің істеріне сәттілік тіледі.
Қысқа мерзімді курс нәтижесінде оған қатысушы кәсіпкерлер бірқатар мәліметтерге ие болып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарға толық жауап алды.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1455
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада6144
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22774
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274443

Серіктестер