Онлайн газет



СЕНБІЛІК ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН ӨТТІ

Қаһарлы қыс кетіп, көптен күткен көктем мезгілі де келіп жетті. Көгілдір көктеммен бірге қар астында қалған күл-қоқыстарды жиып-шығару жұмыстары да басталып кетті.
Наурыздың басынан басталған тазалық жұмыстары әр сенбі сайын жалғасын тауып келеді. Осымен екінші рет ұйымдастырылған сенбілік өткен аптада да барынша ұйымшылдықпен өтті. Қолдарына құрал-саймандарын алған мекеме, мектеп, балабақша, аурухана ұжымдары өздеріне бекітілген орындарда тазалау шараларын жүргізді.
Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бізге берген мәліметі бойынша сенбіліктерге  төрт жарым мыңдай адам қатысып, 64 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған.
Тазалық жұмыстары барысында 436 тал-теректер, 35 шаршы метр гүлзарлар отырғызылып, 2800-дей ағаш бұтақтары кесіліп, реттелген. Мыңнан аса тал әктеліп, 60 шақырым канал, 130 шақырым көше бойлары, 2540 шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтары тазартылған. Осының нәтижесінде 250 тонна күл-қоқыс сыртқа шығарылып, 30 кездейсоқ қоқыс орындары жойылды.
Әрине екі сенбілікпен барлық шаруа атқарылды деуге әлі ерте. «Тазалық – денсаулық кепілі» дейтін болсақ, бұл бағыттағы шараларды жандандыра түсу барынша маңызды. Өйткені ауылымыздың ажары бәрімізге де сын. Сондықтан да аудан әкімі М.Шүкеевтің қаулысына сәйкес 2016 жылдың 1 наурызынан 1 мамырына дейінгі аралық  «Қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру екі айлығы» деп жарияланды. Демек, алда әлі талай тірлік күтіп тұр. Ең бастысы, мұндай игілікті шараларда бір-бірімізге барынша қолдау білдірейік, ағайын!

Өз тілшіміз.

Обновлено 18.03.2016 18:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін326
mod_vvisit_counterКеше1817
mod_vvisit_counterОсы аптада6832
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда23462
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2275131

Серіктестер