Онлайн газет



Қарт майдангерге құрмет көрсетілді

Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс  болды.  қан майданда мыңдаған ер-азаматтар өшпес ерлік пен елдіктің,  айбарлы қаһармандық пен батырлықтың ерен үлгісін көрсетті.
Солардың бірі-суханбайлық соғыс және еңбек ардагері Өнербай Молдабаев 90 жасқа толды.

Қарт жауынгерді торқалы тойымен “Нұр Отан” партиясы  Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов,  аудандық мәслихаттың депутаттары А.Жәмішжанов, Ш.Әшім, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Беспаев құттықтап, аудан әкімінің  арнайы сыйлығын табыстады.
Өз сөзінде  Нұржан Сейдазымұлы  аға буын өкілдерінің ерлік істері мен өнегелі өмірлері   жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі екендігін айтып, қазыналы қарияға мықты денсаулық тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемал  Беспаев болса ардагерлерін ұлықтаған елдің   ертеңі  жарқын болатындығын сөз ете келе, ауданымыздың елді мекендерінде тұрып жатқан соғыс ардагерлеріне жасалып жатқан қамқорлықтар мен ұрпақтар арасындағы  сабақтастықты жалғастырудың маңызын  әңгімеледі.
17 жасында  майданға аттанып,  жаумен бетпе-бет шайқасқан Өнербай қария өткен күндерден естелік айтып,  бүгінгі бақытты күннің қадірін  білудің маңызын  сөз ете отырып, өзін құрметтеген аудан басшысына,  ел игілігі жолында қызмет етіп жүрген атпал азаматтарға алғысын айтып, батасын берді.
1944 жылдың желтоқсанында әскерге алынып, №209 запастағы атқыштар полкінің жауынгері, кейіннен пулеметші ретінде сұрапыл шайқастарға қатысқан ақсақал 1944 жылдың наурызында  Кенигсберг қаласын жаудан азат ету кезінде “жау ұясының” үнін өшіру жөнінде берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап, жауынгерлерге жол ашқаны үшін “ Қызыл жұлдыз”,  кейіннен ІІ дәрежелі “Отан соғысы” орденімен марапатталыпты.
Жалпы ұрыс даласында көрсеткен ерліктері үшін орден, көптеген  медальдармен наградталған  Өнербай атамыз соғыстан кейін елге оралып, күйзелген шаруашылықты қалпына келтіруде  үлес қосқандығын да тілге тиек етті.
Бүгінде 9 ұл-қызынан   30 немере, 25 шөбере  сүйіп отырған  шежірелі қария- бізге нағыз ерліктің, батырлықтың  үлгісіндей көрінді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 26.02.2016 11:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін166
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1720
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16796
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268465

Серіктестер