Онлайн газет



Қоғамдық келісім-басты байлық

Т. Папиев,
еңбек ардагері.
Сарыкемер ауылы.

Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бірлік-біздің баға жетпес байлығымыз саналады. Өйткені қазақ жеріне  өткен ғасырдың әр жылдарында көптеген ұлт өкілдері  қоныстанды. Сол  кездегі қиындықтарға қарамастан қазақтар  өзге ұлт өкілдеріне бір үзім нанын бөліп беріп, кең құшағын ашты.Осылайша түрі басқа болғанымен тілегі бір, жүзі басқа болғанымен жүрегі бір көп ұлттың өкілдері бүгінде бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосуда. Әсіресе 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтар достығын нығайтуға   ерен еңбек сіңіріп келеді. Тәуелсіз елімізде  әрбір ұлт өкілдеріне тілін, салт – дәстүрлері мен мәдениетін, әдебиетін дамытуға  қамқорлық көрсетілуде. Әсіресе  жаһандану дәуірінде өзара түсіністік, ұстамдылық әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қараудың  маңызы артып отырғаны шындық.
Тірлігі берекелі, ынтымағы жарасқан елдің ырысы артып, бар қиындықты жеңетіндігі тарихтан аян. Сондықтан біздің ең асыл қазынамыз – елдің ынтымағы мен бірлігін сақтау, тәуелсіздікті тұғырлы ету,  алдағы қиындықтарды бірлесе отырып жеңудің  маңызы зор деп білеміз.
Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қолымыз жетіп,   еліміз төрткүл әлемге танылды.  Алдымызға “Мәңгілік Ел” идеясын іске асыру міндеті тұрған шақта, Елбасымыздың: «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол -бірлік».Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет” деген қанатты сөзін естен шығармаған абзал. Олай болса, ұлы Абайдың: «Азаматтың бәрін сүй бауырым» деп айтқандай,  жер бетінде  өмір кешіп жатқан бар  адамзатты қадірлеп, құрметтеу,  еліміздегі халықтар арасындағы татулықты көздің қарашағындай сақтап, бірлігімізді нығайта берейік дегім келеді.

Обновлено 26.02.2016 11:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін412
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада412
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда15488
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267157

Серіктестер