Онлайн газет



ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

Аудандық мәслихаттың жұма күні өткен кезектен тыс ХХХХХ сессиясында қоғамдық кеңестің құрамы туралы мәселе қаралды. Оған аудандық мәслихат хатшысы Н. Үкібаев төрағалық етті.
Сессия жұмысына аудан  әкімі  аппаратының басшысы Б. Ақбаев қатысып отырды.
Сессия күн тәртібіне енгізілген “Қоғамдық кеңестің  құрамы” туралы мәселе бойынша  аудандық мәслихат хатшысы, Байзақ ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі  Жұмысшы тобының төрағасы Н. Үкібаев хабарлама жасап, сессияға қатысушыларды Жұмысшы тобы қалыптастырған ауданның Қоғамдық кеңесінің құрамымен таныстырып, ұсынылған құрамды бекітуді сұранды.
Жоғарыда көрсетілген мәселе аудандық мәслихат депутаттары тарапынан талқыланып, тиісті шешім қабылданды.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмысына аудандық әкімдік, мәслихат аппараттарының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұжым басшылары қатысты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 23.02.2016 11:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін466
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада466
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда15542
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267211

Серіктестер