Онлайн газет



Ауыл тынысы

Сарыкемер ауылдық округі

Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Жүрегім толы мейірім» ұранымен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында 24 оқушыға, білім ошағының қамқоршы кеңесінің тарапынан 7 оқушыға материалдық көмек көрсетілді, «Жүрегім толы мейірім» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Осындай қамқорлыққа ие болған оқушылардың ата-аналары тарапынан С.Қарқынбаева демеушілер мен ұстаздарға алғысын білдіріді.

Бәйтерек ауылдық округі

Н.Киікбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында “Білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру мазмұнының өзектілігі” атты оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Онда Байзақ ауданы әкімдігі   білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері А.Нургелова “Жаңа білім беру бағдарламасының мазмұны” тақырыбында баяндама жасады. Басты мақсаты білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан педагогикалық инновациялар тұрғысынан бастауыш сынып мұғалімдерінің құзыреттілігін жетілдіру болып табылатын семинарда ұстаздар инновациялық технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, ашық панорамалық сабақтар көрсетті.

Түймекент ауылдық округі

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай Түймекент орта мектебінің педагог ұйымдастырушылары С.Баймурзаева, Г.Кусаинова, Е.Секеровтың ұйытқы болуымен  “Армысыңдар, ата ұрпақтың тағдыры” атты М.Мақатаев оқулары байқауы өтті. М.Мақатаевтың түрлі жанрдағы өлеңдерін нақышына келтіре оқыған мына өнерлі өрендер алдыңғы қатардан көрінді: А.Қарабай ІІІ, А.Мұрат ІІ, Д.Кусаинов І орындарды місе тұтса, С.Базарбаев бас жүлдені иемденді.

Жалғызтөбе ауылдық округі

Жамбыл орта мектебінде ауылдағы “Жастар ресурстық орталығының” нұсқаушысы Д.Майлиева, аға тәлімгер А.Нұрқожаеваның мұрындық болуымен “Ұрпаққа үлгі болған ерлік” тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткерілді. Отты жылдары Отан алдындағы борышын адал атқарып, қаза болған Қ.Сүлейменовтың бауыры Р.Сүлейменов, соғыс ардагерлері Б.Аянбаев және Қ.Аяпбергеновтер шақырылған кездесуде мектептегі “Жасұлан” ұйымының белсенділері өнер көрсетіп, ерлік жайында жырлар оқыды, майданда қаза болғандарды еске алып, ерліктеріне тағзым етті.

Бурыл ауылдық округі

Бурыл орта мектебінде директордың  тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Қ.Үкібаеваның ұйымдастыруымен «Әлемді өзгертетін идеялар» тақырыбында жиын өтті. Онда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасы талқыланды. Осы реформа аясында Бурыл ауылдық «Жастар ресурстық орталығының» нұсқаушысы К.Өтелбаев, білім ошағының тарих, қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері А.Үсенова, М.Рыспаева өз ойларымен  бөліссе, 10 «а» сынып оқушылары  М.Әзімбаев пен А.Өтебай «Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» реформасы жайында айтты.

Көктал ауылы

Көктал орта мектебінде директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Станбекова, өзін-өзі тану мұғалімдері Н.Есбаева, Ж.Касенова, А.Нұрхожаева, А.Есеева және әлеуметтік педагогтар Н.Сирманова, А.Алиевалардың ұйымдастыруымен “Махаббат пен шығармашылық педагогикасы” атты онкүндік негізінде “Жүректен-жүрекке” мейірімділік акциясы өтті. Игілікті іс-шараға жеке кәсіпкерлер  С.Қағазбеков, А.Құрманбеков, ауыл тұрғындары Б.Абдрахманова, Ж.Рәпілбеков, Қ.Тойбаев, Қ.Усибалиев,  С.Ағыбаева, А.Қожаханова және Көктал орта мектебінің ұжымы өз қолдауларын білдіріп, жиылған қаржыға барлығы 32 көп балалы, толық емес отбасылардан шыққан оқушыларға қыстық жылы күртешелер әперілді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін488
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада488
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40678
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248064

Серіктестер