Онлайн газет



Жаса, жайна Тәуелсіз қазақ елі!

Талайдан арман болған егемендікті еліміз 1991 жылы алғаны баршаға белгілі.  Бабалар батырлығымен қол жеткізілген Тәуелсіздік қазақстандықтар үшін қастерлі ұғым. Биыл ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл. Осыған орай ауданымызда мерейлі мерекені ұлықтауға арналған арнайы іс-шаралар өткерілуде.

Сарыкемер орта мектебінде «Здоровье нации –основа нашего успешного будущего» тақырыбында ұйымдастырылған мұғалімдер арасындағы конференцияда ұлт саулығы – басты байлық, ел болашағының жарқын болуы тікелей осыған байланысты екендігі сөз етілді.
*           *            *
Сонымен қатар, аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде өткен «Екі жұлдыз» мега-шоуы  тәуелсіз еліміздің мәдени құндылықтарын паш етті. Жарысқа 12 жүп қатысып, өнерімен өзгелерді тәнті еткен Бурыл ауылдық округінің  «Жастар ресурстық орталығының» нұсқаушысы  К.Утелбаев және мәдениет үйінің жезтаңдай әншісі М.Жанбаева бас жүлдеге ие болды.
*              *               *
«Салауатты өмір салтын ұстанайық!» атты жастар акциясы да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Байзақ аудандық «Жастар ресурстық орталығынан» бастау алған шарада ұйымдастырушылар орталық көше тұрғындарына денсаулыққа ден қоюдың мән-маңызын түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға қатысты кеңестер жазылған брошюраларды таратты.

*         *         *
Осынау даталы күнге орай, Ю.Гагарин, Н.Киікбаев, Сарыкемер орта мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» ұлттық ойыны, Түймекент ауылдық округіне қарасты Түймекент ауылында ҚР Президенті, Елбасы тестілерінің қысқы түрлерінен қабылдау сынақтары өтті.

*          *           *
Мерейлі мерекені атап өтуден ынтымақтықтар да шет қалмады. Мұнда қазақтың ұлы ақыны  Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арналған аудандық «Жырлаймын Жамбылымды» атты байқау өткеріліп, жергілікті тұрғындар өнер кешінің куәсі болды.
Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған түрлі деңгейдегі іс-шаралар сонымен қатар, ауданымыздың өзге де елдімекендерінде өткерілді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін336
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1525
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40526
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247912

Серіктестер