Онлайн газет



НҰРОТАНДЫҚТАР СЕМИНАРДА БАС ҚОСТЫ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Аптаның сәрсенбісі күні Сарыкемер орта мектебінің акт залында «Нұр Отан» партиясы аудандық сайлауалды штабының мүшелері, сенімді өкілдері, белсенділері Қазақстан Республикасының Парламент Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс жəне жергілікті мəслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу мен дайындық жұмыстарына арналған  семинарда бас қосты.
Аталмыш семинар барысында күн тәртібінде штабтың ұйымдастыру іс-шаралары, үгіт-насихат жұмыстары және ақпараттық жұмыстар мәселелері қаралды. Алдымен аудандық партия филиалы сайлауалды штабы қоғамдық қабылдау секторының меңгерушісі Р.Сарсенов саяси науқан барысы туралы жан-жақты түсінік бере отырып, ұйымдастыру іс-шаралары жайында мағлұмат берді.


Сондай-ақ семинарда ұйымдастыру жұмысы секторының меңгерушісі Ж.Абдуалиев, ақпараттық-талдау секторының меңгерушісі С.Өсербаевтар сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша түсінік берді. Оның ішінде, семинар қатысушыларына сайлауалды штаб қызметі мен сенімді өкілдердің қызметін және қоғамдық қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру, сайлау өткізу уақытында бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беру, салтанатты жиындар, митингтер, демонстрациялар өткізу реті, үгіт-насихат жұмыстарының кезеңдері, үгіт-насихат парақшаларының түрлері мен оларды тарату тәртібі, белсенділер мен мобильді үгіт топтары, үгіт пикеттерінің жұмыстарын ұйымдастыру, «Есіктен есікке» акциясын өткізу, желілік кестеге сәйкес ақпараттық жұмыстар жүргізу мәселелері түсіндірілді.
Семинар соңында медиа қамтамасыз ету бойынша жалпы нұсқаулықтар таратылып, әлеуметтік желілердегі жұмыстар жөнінде сөз қозғалып, ой-пікір бөлісілді.

Обновлено 23.02.2016 11:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін636
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада636
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40826
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248212

Серіктестер