Онлайн газет



ҮШ ТІЛДІ БІЛУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ

А. Амангелдиева,
«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» Байзақ аудандық бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы.

“Тіл-халықтың жаны, ділі, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы”,   “Тіл-атадан қалған асыл мұра”, Тіл-асыл ойдың бұлағы” деген сөздер тілдің құдіретін танытса, белгілі жазушы Ғ. Мүсіреповтың: ”Ана тілі дегеніміз- сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі” деп айтқан-ды.
Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қолымыз жетті. Тәуелсіздікпен бірге тіліміз түледі, дініміз өркендеп, салт-дәстүріміз жаңғырды. Ана тіліміздің мәртебесі биіктеп, қолданыс аясы кеңи түсті.
Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы Мемлекет басшысы 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан болатын.  Сондай-ақ  Мемлекет басшысы 2007 жылғы Жолдауында тілдердің үш тұғырлылығы атты мәдени жобаны кезең кезеңімен іске асыруды ұсынған еді. Мұнымен қатар Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғанысында Елбасымыз: «Үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс. Соның ішінде біздің мемлекеттік тіл қатар келе жатыр. Біз осылай үш тұғырлы тілді қолдансақ, түбінде жолымыз ашық болады», - деген болатын.
Ғылым мен техника қарыштап дамып келе жатқан заманда тілдің үштұғырлылығы саясаты жаһандану талаптарына төтеп беретін, әлемдегі дамыған  30 елдің қатарына қосылуды мақсат етуімен айшықталады. Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы: “қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” деп  анықтама берген еді.
Үш тілді білу-заман талабынан туындап отырған  міндет. Тарихымыздың өткенін зерделесек,   халқымыздың мақтанышы болған  Әл-Фараби  бабамыз 70-тен аса  тілді еркін меңгерген екен.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығында еліміз  үлкен асуларды бағындырды. Азаттықпен бірге ұлттық рухымыз асқақтап, мәдениетіміз мәңгілік құндылыққа айналды. Көптеген алпауыт мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатылды.Елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-саяси өзгерістер мен реформалардың нәтижесінде Қазақстан дүние жүзіне танымал беделді мемлекет атанып, әлемдік қауымдастықтан лайықты орнын еншіледі. Жаһандық дағдарысқа қарамастан еліміз өзіндік даму  жолымен өркендеп келеді. Ел мен елдің, мемлекет пен мемлекеттің өзара  бірлігі мен ынтымағын өркендетуде тіл білудің орны айрықша екендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. 
«Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ. Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттың тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып, өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді», дейді Елбасымыз өзінің дәстүрлі Жолдауында.
Бүгінгі таңда елімізде көп тілді  меңгеруге барынша жағдай жасалып отыр. Мәселен аудандық «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» 2012 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Мемлекеттік тілмен қатар  орыс тілі және ағылшын тілі үш деңгей бойынша оқытылуда. 2013 жылдан бастап, мемлекеттік қызметшілер  ағылшын тілін тегін оқып келген болса,  ал 2016 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлері тегін оқытылады деп жоспарлануда.
Жалпы үштұғырлы тiл-дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бiрi, ол өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған өршіл идея. Көптілді  білу арқылы  қазақстандықтар  өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналып қана қоймай, өзге елдердің тарихы мен мәдениетін, құндылықтарын білумен қатар, өз елін де кеңінен танытуға жол ашады деп сенемін.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін234
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1423
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40424
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247810

Серіктестер