Онлайн газет



Ерлік ұмытылмайды

Өткен ғасырдың қасіреті саналған-ауған  соғысына 22 мың қазақстандық қатысты. Оның 2 мыңы жамбылдықтар болды. жалпы жат жерде  қазақстандықтар өшпес ерліктің үлгісін көр­сетіп, даңққа бөленді, есімдерін тарих бетіне алтын әріппен жазды.

15 ақпан, дүйсенбі күні аудан  әкімі М.Шүкеев   ауған соғысында  ерлікпен қаза тапқан суханбайлық Нүркен Абдуалиев,   кеңестік  Ерғали Теміртаев, жетібайлық Қайрат Сүлейменовтердің бірге туған бауырларын қабылдап, құрмет көрсетті.
Алдымен аудан басшысы  ауған  соғысының қасіретіне тоқталды. Отан алдындағы  азаматтық міндетін атқарып, омырауларын оққа тосып, жат жерде  шейіт болған батырлардың ерлік істері  өсіп келе жатқан жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелейтіндігін, енді соғыс қайталанбасын дей отырып,  батырлардың отбасына жақсылық тіледі. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Үкібаев  та  ерлердің ерліктері мәңгі жасайтындығын   әңгіме арқауы етіп, ізгі тілектерін білдірді.
Бұдан соң аудан басшысы   батырлардың туыстарына сый-сияпаттар табыстады. Өз кезегінде батырдың інісі Мейрғали ерлерін ардақтап жатқан  басшыларға  көпшілік атынан алғысын білдірді.

*      *      *
Дәл осы күні  ауған соғысы  боздақтарына орнатылған ескерткіш маңында  жиын өтті.
Жиынға қатысушылар алдында аудан әкімінің орынбасары  С.Кенжебаев сөз сөйледі.
- Қасіреті мол соғыстың бірі ауған жеріндегі шайқас.Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 27 жыл толғанымен,  сол бір сұрапыл соғыстың  қайғысы ұмытылар емес.
Бұл соғысқа біздің  ауданнан 68 сарбаз аттанды. Олардың  үшеуі-жат жерде қаза тапты. Ел намысына дақ түсірмей соғыста ерлік көрсеткен  ерлердің ерлігін әрдайым мақтаныш етеміз. Өйткені олар жалындаған жастық шақтарында  ерлік жасап,  Отан алдындағы борыштарын абыроймен орындады,-дей келе Сағындық Жұмағұлұлы ауған соғысының шығу тарихы мен оған қатысқан қазақстандық жауынгерлердің ерлік істеріне,  байзақтық  оғландардың қаһармандығына тоқталды. Ауданның Құрметті азаматы Р. Шәметов  аға буынның ерлік істеріне адалдық танытып, жат жерде интернационалдық борышын  атқарған бүгінгі ардагерлер тәуелсіз еліміздің экономикалық қуаты мен әлеуетін арттырып, рухани-мәдени байлығын еселеуге үлес қосып жүргендігін, ең бастысы ел тыныштығы мен бірлігін сақтаудың маңызын сөз етсе, аудандық ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы С. Сыздықов 1979 және 1989 жылдары ауған жеріндегі соғысқа аттанған  өрімдей жастардың ерліктері ешуақытта өшпейтіндігін,  қазіргі таңда  ауған соғысының тарихына  әртүрлі баға бергеніне қарамастан  қазақстандық жауынгерлер  өз парыздарын адал атқарғандығын, ал ерлік ұлы істерге жол ашатындығын әңгімеледі. Ауған соғысының ардагері  Ә. Дауылбаев жүрек түкпірінен шыққан жырларын төгілтіп оқыды.
Жиынға қатысушылар  соғыста мерт болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ескерткішке  гүл  шоқтары қойылып,  ерлікке тағзым етілді.
Жиын соңында ауған соғысының ардагерлері естелікке суретке түсті.

Өз тілшіміз.

Обновлено 18.02.2016 10:56
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін418
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1607
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40608
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247994

Серіктестер